Қазақстанда Қытайда болған жер сілкінісі тіркелді
![Қазақстанда Қытайда болған жер сілкінісі тіркелді](https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359812/thumb_b/photo_122054.jpeg)
Қазақстандағы сейсмикалық датчиктер Қытайда болған кезекті жерасты дүмпулерін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер сілкінісін ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 27 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 03:19-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 291 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,1", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ екені атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!