Даланың дара ұстазы
Даралық – басқалардың көшірмесі болудан бас тарту, коғам ұсынған қалыптардарлан тыс шығып, өзіңнің шындығыңды мойындау. Осындай даралығымен даланы нұрландырған ұлылырға қазақ қашан да кенде емес еді.Ұлылырдың ұлы жолын жалғап, ұстаздық жолды ұлықтаған тұлғалардың бірі – қазақтың Хан апасы Қанипа Омарғалиқызы деп танимын. Қанипа ұстазды даралаған қай қасиет еді?
Ең алдымен, Қанипа Бітібаева ұстаздықты жай ғана кәсіп емес, ұлтқа қызмет етудің жолы деп таныды деп ойлаймын. Оған дәлел- өзінің бүкіл саналы ғұмырында атақ пен абырой қумай, өмірін қарапайым мектептің тағдырына арнағаны. Мен білетін Қанипа ұстаз әрбір оқушыны тек біліммен сусындатып қана қойған жоқ, адамгершілігі мол, еңбекқор азамат болып қалыптасуын мақсат етті. Оның ««Егер де маған хан тағын ұсынған болса, мен оған ешқашан ұстаздық жолымды айырбастамас...