Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

iPhone иелері Telegram-ға қатысты ақауларға жаппай шағымданып жатыр

Қазақстандағы iPhone пайдаланушылары Telegram-дағы хабарландырулар мәселесіне жаппай шағымданып жатыр, деп хабарлайды Tengri Life.
Не болды?
Соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерде ондаған ұқсас хабарлама пайда болды: адам қолданбаны өзі ашқанша пуш-хабарландырулар келмейді. Жарияланымдарға қарағанда, бұл мәселе негізінен Apple құрылғыларында байқалған.
Көпшілігі хабарландырулардың ешбір баптау өзгермесе де, кенеттен жоғалып кеткенін айтып жатыр.

"Баптауларын өзгертпедім, дыбыссыз режимде де тұрған жоқ", - деді желі пайдаланушыларының бірі.

Пост астындағы пікірлерде осындай мазмұндағы шағымдар тез көбейе бастады.

"Тек менде ғана хабарландыру келмей жатыр ма десем", "Кім бұл мәселені шеше алды?", "Менде де дәл осындай жағдай", "Жұмыста отыр едім, қазір тіпті қиын болып кетті. Менде де осындай келеңсіздік. Тек менде ғана хабарландыру келмей жатыр деп ойлап, барлық жерін шұқылап шықтым", - деп бөлісті қолданушылар.

Кейбір пайдаланушылар хабарландырулардың интернетке қосылу түріне қарай әртүрлі жұмыс істейтініне назар аударды. Бір қолданушы Wi-Fi арқылы пуш-хабарламалар келетінін, ал мобильді интернет арқылы келмейтінін айтқан. Сонымен қатар басқалары хабарландырулардың тіпті Wi-Fi-ға қосылғанда да жұмыс істемейтінін хабарлады.
Көптеген адам үшін мессенджер тек жеке хат алмасу құралы ғана емес, сонымен бірге негізгі жұмыс құралы болып саналады.

"Достар, Telegram хабарландыру жіберуді тоқтатты. Қолданбаны қайта орнатудан бастап iOS-ты жаңартуға дейін бәрін жасап көрдім. Ештеңе көмектеспейді, ал менің бүкіл жұмысым сонда. Көмектесіңіздерші!", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы бір пайдаланушы хабарландырулардың болмауына байланысты жұмыс чаттарындағы жаңа хабарламаларды күні бойы көрмей қалғанын айтып берді.
Скриншот: Threads
Шағымдардың басым бөлігі дәл iPhone-ға қатысты. Ал Android иелері пікірлерде Telegram-ның оларда қалыпты жұмыс істеп тұрғанын жазған.
Мәселенің шешімі бар ма?
Көптеген адам мәселені өз бетінше шешуге тырысқан. Желі қолданушылары Telegram-ды қайта орнатып, телефонды қайта жүктеп, iOS-ты жаңартып, хабарландыру баптауларын тексеріп, тіпті құрылғы параметрлерін зауыттық күйге дейін түсіріп көргендерін айтады. Алайда әзірге ортақ шешім табылған жоқ.

"Менде бұл мәселе бір-екі аптадан бері жалғасып келеді. Осындай жағдай WhatsApp-та да болған: хабарландырулар да, қоңыраулар да келмей қалды - бұл өте ыңғайсыз. Бақытымызға орай, жақында WhatsApp-та бәрі өздігінен қалпына келді. Жұмыс істеу өте қиын", - деп шағымданды желі пайдаланушысы.

Тағы бір қолданушы телефонды зауыттық баптауларына дейін қайтаруға шақ қалғанын, бірақ соңында бұл ойынан айнығанын айтты.
Сонымен қатар кейбір пайдаланушылар бірнеше күннен кейін мәселе өздігінен шешілгенін хабарлады.

"2 күннен кейін өздігінен істеп кетті", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Енді бірі хабарландырулардың басқа құрылғы арқылы аккаунтқа қайта кіргенде немесе App Store-да қолданбаны жаңартқанда кенеттен пайда болғанын атап өтті.
Талқылауларда ақаудың iOS немесе Telegram-ның жаңартуларымен байланысты болуы мүмкін деген нұсқа да айтылды. Пайдаланушылардың бірі "соңғы жаңарту ақаулы болды" десе, тағы бірі: "Жөнделгенін күтеміз", - деп жазды. Сондай-ақ кейбір желі қолданушылары мессенджердің қолдау қызметі жауап бермей жатқанына шағымданған.
Жарияланым шыққан сәтте Telegram тарапынан ресми ақпарат берілген жоқ.
Жаппай шағымдар аясында пайдаланушылар мәселені айналып өтудің уақытша жолдарымен бөлісе бастады. Ең көп талқыланған кеңестердің бірі - Safari арқылы Telegram Web нұсқасын пайдалану және оны iPhone-ның басты экранына шығарып қою.
Пікір қалдырған бірнеше адам бұл әдістің шынымен көмектескенін жазды.

"Болды! Үлкен рақмет, әбден шаршап едім", - деді пікір қалдырушылардың бірі.

Кейбіреулер шешімін іздеп жатса, басқалары әр минут сайын Telegram-ды қолмен тексеріп отыруға мәжбүр.
Хабарландырулар қашан іске қосылады?
Мәселе App Store-да келесі техникалық жаңарту шыққанда шешілуі әбден мүмкін.
Егер сіз үшін жұмыс хабарламасын өткізіп алмау маңызды болса, әзірге жалғыз сенімді жол - қолданбаны қолмен тексеріп тұру немесе компьютердегі веб-нұсқасын пайдалану, онда хабарландырулар кідіріссіз келеді.
Біз бұл жағдайға қатысты Мемлекеттік техникалық қызмет пен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметтеріне пікір алу үшін хабарластық, алайда мақала шыққан сәтте жауаптар түскен жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России