Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

"eGov Mobile қазақ тілін алалайды". Зерттеу мемлекеттік қызметтегі теңсіздікті көрсетті

Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік электрондық қызмет сапасы орыс тіліндегіден нашар. Бұл туралы eGov Mobile қосымшасындағы жасанды интеллект (ЖИ) ботына сұрақ қойып, сынақ жүргізген зерттеушінің қорытынды мақаласында айтылған.

"Екі тіл, екі стандарт: Қазақстан мемлекеттік қызметіндегі ЖИ және лингвистикалық теңсіздік" дейтін мақала Орталық Азияны зерттейтін CAPS Unlock жобасының сайтында жарияланды. Авторы – Жаннат Бүбекбаева.

Зерттеуші биыл наурызда eGov Mobile қосымшасында сынақ жүргізіп, ондағы ЖИ ботына қос тілде сұрақ қойған. Автордың жазуынша, боттар қос тілде де қателіктер жіберген, бірақ қазақ тіліндегі қателіктер ауқымы едәуір жоғары болған.

Мәселен, 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) қанша деген сұраққа ЖИ боты орыс тілінде 3800 теңге, қазақ тілінде 73 мың теңге деген. Бюджет туралы заң бойынша, биыл Қазақстанда АЕК 4325 теңгеге тең. Сонда орыс тіліне сүйенетін азаматқа АЕК 12 пайызға азайтылып көрсетілсе, қазақ тілінде сөйлейтін азаматқа 17 есе көбейтіліп ұсынылған.

Сондай-ақ, қазақ тілінде қате жауап берілген сұрақты келесі күні қайта қойғанда, мүлде басқа қате жауап берілген. Яғни қате жауаптардың өзі біркелкі емес.

Ал зейнетақы туралы сұраққа орыс тіліндегі бот Ресейдегі зейнетақы сақтандыру нөмірін ұсынған. Бұл нөмір тек Ресей Федерациясында ғана қолданылады. Автор бұған қарап, орыс тіліндегі бот ақпаратты Ресей мемлекеттік порталынан алған деп түйеді. Қазақ тіліндегі бот болса, Қазақстандағы зейнетақы қорының атауын дұрыс жазып, тиісті жергілікті мекемеге сілтеген.

Дей тұрғанмен, орыс тіліндегі сұрақтарға көп жағдайда дәлірек жауап берілген, ал қазақ тіліндегі жазбалар жалпылама әрі сапасыз болған. Сұрақтардың бірінде қазақ тіліндегі бот жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) орысша аббревиатурасын (ИИН) қолданған.

"Қазақстан үкіметі бұл ЖИ көмекшіні миллиондаған адам қолданатын тірі сервиске енгізуді таңдады. Үкімет қызметті қазақ және орыс тілінде ұсынды. Осылайша ол "азаматтар қай тілде сөйлейтініне қарамастан сапалы қызмет алады" деген жанама уәде берді. Алайда деректер бұл уәденің орындалмай отырғанын көрсетеді" дейді Бүбекбаева.

Мәселе ЖИ ботының осалдығында емес, мәселе осалдықтың әрқилы болғанында дейді автор. Зерттеушінің сөзінше, конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл деп көрсетілген елде қазақ тілінде сөйлейтін азаматтар сапасы төмен қызмет алып отыр.

Бүбекбаева бұл теңсіздіктің бір себебі мемлекеттік тапсырыс берудегі қателік екенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, тапсырыс берілгенде тіл теңдігі мәселесі техникалық талап ретінде қойылмаған болуы мүмкін. Ондай талап болмаған соң, қабылдап алған кезде оны ешкім де ескермеген болуы ықтимал деп түйеді автор.

Зерттеушінің жазуынша, eGov Mobile қосымшасы 2019 жылы енгізілген. Қазір оған 11,7 млн адам тіркелген. Қосымшаны ай сайын 6,4 млн адам қолданады. Қосымшадағы ЖИ боты азаматтарға мемлекеттік қызметті дұрыс алуға көмектеседі.

Бүгін, 4 мамыр күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ЖИ-ді дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысын өткізіп, онда осы қазақ тілі мәселесін қозғады.

"Қазақ тілін заманауи цифрлық жүйелерге толық кіріктіру керек. Сонда ғана деректерді құрылымдап, инновацияны барлық салаға енгіземіз. Ортақ деректер жинақталып, өзара үйлесімді және машина оқи алатындай форматта болуға тиіс. Әйтпесе, ең мықты алгоритмнің өзі дұрыс жұмыс істемейді, оның еш пайдасы болмайды. Қазір аса құнды ақпараттың көбі архивтерде шаң басып жатыр. Оның бәрін цифрлық форматқа көшіру қажет. Біз уақыттан ұтылып, мүмкіндікті пайдалана алмай жатырмыз. Үкімет жасанды интеллект үлгілерін оқыту үшін архивтердегі және қолданыстағы мәліметтерді сапалы деректер торабына жинақтауға тиіс. Бұл жұмысқа дереу кіріскен жөн" деді Тоқаев.

Қазақстандағы 20 миллионнан астам халықтың – 71.3 пайызы қазақ, 14.6 пайызы орыс, 3.3 пайызы, 1.8 пайызы өзбек. Конституция бойынша, мемлекеттік тіл қазақ тілі, мемлекеттік мекемелерде орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады. Қоғамда қазақ тілінде көрсетілетін қызмет сапасына қатысты жиі туып тұрады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России