Азия чемпионаты: қазақстандық боксшы алтын медаль алды
Алтын медаль үшін өткен финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшыға үндістандық боксшы Самир Бохрамен қарсылас болды. Кездесу төрешілер шешіміне дейін жалғасып, олар 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Осылайша, Бейбарыс Қойшыбай 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Бұған дейін қыздар құрамасының мүшелері де алтын медальдарды жеңіп алған болатын. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұргүл Сахи өзбекстандық спортшы Шахона Мулложонованы жеңіп, алтынға қол жеткізді. 3 раундтың қорытындысы бойынша есеп – 4:1.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Ал 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Самал Төлепберген қырғызстандық Аруузат Мәлікованы бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan) жариялаған жазба
Естеріңізге сала кетейік, 15 пен 17 жас аралығындағы спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатыр, ол 15 мамырға дейін жалғасады.