Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Тоқаев пен Ердоған Еуразияда жаңа архитектура қалыптастырып жатыр: сарапшылар

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын сарапшылар биылғы жылдың басты сыртқы саяси оқиғаларының бірі деп бағалады. Олардың пікірінше, Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер екі ел ынтымақтастығының ортақ инфрақұрылымдық, инвестициялық және технологиялық мүдделерге негізделген стратегиялық серіктестік бағытында дамып келе жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркі бауырластығынан стратегиялық одаққа дейін
"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы талдау және коммуникациялар басқармасының басшысы Алёна Дмитриева бұл жолғы келіссөздер Еуразиядағы ынтымақтастықтың жаңа архитектурасы қалыптасып жатқанын айғақтайды деп есептейді.

"Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын Түркия тәуелсіз Қазақстанға алғашқы болып қол ұшын созды. Бүгінде бұл қол алысу дәліздермен, капиталмен және ортақ технологиялық көкжиекпен нығайған стратегиялық одаққа айналды. (...) Астана үшін түркі векторы символикалық қимылдан аймақтық субъектілікті, көпвекторлы саясатты күшейтудің және саяси, инфрақұрылымдық, технологиялық өзара байланыстың жаңа архитектурасын қалыптастырудың негізгі құралдарының біріне айналды", - деп атап өтті сарапшы.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
Дмитриева сапардың маңызды тұстары ретінде мәртебелі мейманды күтіп алу деңгейіне, оны орденмен марапаттау рәсіміне және кездесудің жалпы сипатына назар аударды.

"Истребителдердің Түркия туын бейнелейтін қызыл және ақ түсті жолақтардан із тастап ұшуы, Режеп Тайип Ердоғанның Қожа Ахмет Ясауи орденінің алғашқы иегері атануы, сондай-ақ Президент Тоқаевтың Instagram желісіндегі "Қадірлі бауырыммен" деген жазбасы протоколдық элементтер емес, саяси сенімнің жоғары деңгейінің көрінісі болды", - деп атап өтті Алёна Дмитриева.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
Орта дәліз және Еуразияның жаңа логистикасы
Сарапшылар ынтымақтастықтың басты бағыттарының бірі ретінде көлік маршруттарын дамытуды атайды. Дмитриеваның айтуынша, Қазақстан мен Түркия біртіндеп жаңа еуразиялық байланыс осін қалыптастыруда.

"Анкара Орталық Азияға, ал Астана баламалы бағыттарға жол ашады. Бұған Транскаспий дәлізі бойынша ынтымақтастықтың жандануы, Ақтау және Құрық порттарының дамуы, сондай-ақ "Баку-Тбилиси-Джейхан" құбыры арқылы мұнай тасымалының артуы дәлел бола алады", - деді сарапшы.

Ол бұл үдерістің Қазақстанды "континенталды тұйықтан еуразиялық логистиканың негізгі орталықтарының біріне" айналдырып жатқанын, ал Түркия Астана үшін батыс бағыттағы "стратегиялық терезеге" айналғанын қоса кетті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің зерттеушісі, әлеуметтанушы Нұрлан Байғабылов та Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту Қазақстан үшін өте маңызды екенін айтады.

"Түркиямен ынтымақтастық жүк жеткізу мерзімін 13 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жаһандық логистикалық тізбектердің қайта құрылуы жағдайында Орта дәліздің дамуы Қазақстанды құрлықтық мемлекеттен Шығыс пен Батысты байланыстыратын негізгі транзиттік хабқа айналдырады", - деді сарапшы Tengrinews.kz тілшісімен сұхбаттасу барысында.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
Айта кетейік, келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Президенті біздің елдерімізді Шығыс пен Батысты жалғайтын көпір деуге болатынын айтқан еді. Тоқаев Түркия мен Қазақстан осы ортақ игілікті барынша тиімді пайдалануы қажеттігін баса айтты.

"Сондықтан қадірлі Режеп Тайип Ердоған мырзамен нақты жобалар арқылы "Орта дәліздің" әлеуетін арттыруға уағдаластық. Бұл қос халықтың мүддесіне толық сай келеді", - деді Мемлекет басшысы.

Инвестициялар, технологиялар және жаңа жобалар
Сарапшылар қазіргі уағдаластықтар тек саяси мәлімдемелерге емес, қалыптасқан институционалдық негізге сүйенетінін атап өтті.

"Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізу және Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қою – жағдайға байланысты өзара іс-қимыл жасаудан ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестік моделіне көшуді бекітеді", - дейді Алёна Дмитриева.

Ол елдер арасындағы тауар айналымы 5,4 миллиард долларға жеткенін, ал жаңа мақсат - оны 15 миллиард долларға дейін ұлғайту екенін еске салды.
Тағы оқыңыз: Сауда айналымы, энергетика және жаһандағы өзекті мәселелер - Ердоған Астанадағы келіссөздер туралы айтты
Сарапшының айтуынша, бүгінде Қазақстанда төрт мыңға жуық түрік кәсіпорны жұмыс істейді, ал түрік капиталы экономиканың шикізаттық емес салаларына белсенді түрде тартылып жатыр.

"Tiryaki Agro, Alarko Holding жобалары, TAV компаниясының Алматы әуежайын дамытуға қатысуы түрік бизнесінің Қазақстанның өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық кооперациясына терең интеграцияланып жатқанын көрсетеді", - деді Дмитриева.

Байғабылов та тауар айналымының сандық көрсеткіші емес, инвестицияның сапасы маңызды деп есептейді.

"Біз жалпы сомасы 9,5 миллиард доллар болатын 171 жобадан тұратын портфельдің қалыптасқанын көріп отырмыз. Бұл нақты жұмыс орындарын ашу, технологиялар трансфері және өнеркәсіптік кооперацияны нығайту деген сөз, мұның бәрі қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатына тікелей әсер етеді", - деп түйіндеді ол.

Білім беру, ЖИ және "технологиялық Түркістан"
Сарапшылар гуманитарлық және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударды.
Белгілі болғандай, бүгінде Түркияда 12 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Бұдан бөлек, Шымкентте Гази университеті филиалы ашылады, ал "Маариф" қорының мектептер желісі Қазақстандағы қатысуын кеңейтуді жалғастырып жатыр.

"Іс жүзінде, әңгіме ең алдымен буындық перспективаға бағытталған түркі кеңістігінің біртұтас білім беру және интеллектуалдық контурын қалыптастыру туралы болып отыр", - деп есептейді Алёна Дмитриева.

Ол мұны жасанды интеллект технологияларының дамуымен де байланыстырады.
Сарапшының айтуынша, Астанадағы келіссөздерден кейін түркі күн тәртібінің Түркістанда "Түркі мемлекеттері ұйымының жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері жөніндегі" саммитімен жалғасуы кездейсоқ емес.

"Түркістанның өзі біртіндеп түркі әлемінің рухани орталығына ғана емес, оның технологиялық болашағын қалыптастыру алаңына айналып келеді", - деп атап өтті Дмитриева.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
"Ынтымақтастық дипломатиясы"
Сондай-ақ сарапшылар елдер арасындағы гуманитарлық қолдауды қарым-қатынастың маңызды бөлігі деп атайды.
Нұрлан Байғабылов мемлекет басшылары бейнебайланыс арқылы Түркияның Нурдағы қаласында Қазақстан салған мектепті ашқанын еске салды. Бұл нысан 2023 жылғы жойқын жер сілкінісінен кейін бой көтерген болатын. Сарапшының пікірінше, бұл "ынтымақтастық дипломатиясының қуатты символы".
Байғабылов дәл осындай гуманитарлық бастамалар елдер арасындағы ұзақ мерзімді сенімнің негізін қалайды деп санайды.

"Біз екіжақты қарым-қатынастың сапалы жаңа технологиялық және рухани деңгейге шыққанын бақылап отырмыз, бұл өңірді сыртқы сын-қатерлерге төзімдірек етеді", - деп түйіндеді сарапшы.

Еске сала кетейік, 13 мамырда Түркия көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Кеше елорда әуежайында түрік көшбасшысын салтанатты түрде қарсы алу рәсімінен кадрлар жарияланды.
Бүгін, 14 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған шағын құрамда келіссөздер өткізіп, Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесіне қатысты.
15 мамырда Түркістанда мемлекет басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер көшбасшыларының бейресми саммиті өтеді. Кездесу тақырыбы - "Жасанды интеллект және цифрлық даму".

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России