Тоқаев “Алтай - түркі өркениетінің алтын бесігі“ және “ТМҰ +“ бастамаларын қолдады
Мемлекет басшысы Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын жан-жақты дамытуға мүдделі екенін айтты.
"Бүгінде біздің Ұйымға халықаралық қауымдастық сенім білдіріп отыр. Абырой-беделіміз де артып келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Алтаймен байланысты жобаға тоқталды.
"Осы орайда Қазақстан Ресейдің "Алтай – түркі өркениетінің бесігі" жобасына оң көзқарасын білдірді. Бұған қоса, біз "Алтай сұхбат алаңы (диалогі)" форумын құру жөніндегі ұсынысымызды жарияладық", - деді Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ТМҰ + фоматы туралы айтты.
"Еліміз Түркияның ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған "Түркі мемлекеттері ұйымы +" форматын құру бастамасын қолдады. Осы форматқа қосылуға ниет білдірген мемлекеттер мен ұйымдарға қатысты нақты өлшемдер болу қажет деп санаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!