Колумбиядағы жойқын жер сілкінісі: футбол әлемі үн қатты
Бұған дейін Колумбияда магнитудасы 7,4 балл болатын қуатты жер сілкінісі болған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 111 адам қаза тауып, тағы 87 адам жарақат алған.
Колумбияның Манисалес қаласында 7,4 магнитудалы жойқын жер сілкінісі болды ???????? (10.08.2026) pic.twitter.com/zoWkaaWDGG
- Disaster News (@Top_Disaster) August 10, 2026
Табиғи апат жергілікті уақыт бойынша 7:34-те болған. Оның эпицентрі Колумбияның батысындағы Чоко департаментінің Сан-Хосе-дель-Пальмар муниципалитеті аймағында орналасқан. Жер асты дүмпулері Богота, Медельин, Кали тұрғындарына, сондай-ақ басқа да қалалар мен елдерге сезілді.
Манисалес, Колумбия. Жер сілкінісі. pic.twitter.com/BzKcaWIHm1
- Jupac (@Jupacg) August 10, 2026
Футбол әлемінің реакциясы
Футбол әлемі бұл қайғылы жағдайға бейжай қарамай, зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына қолдау білдірді. Жағдайға байланысты алғашқылардың бірі болып Мадридтің "Реал" клубы пікір білдірді. Клубтың баспасөз қызметі президент пен директорлар кеңесінің атынан қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
"Реал Мадрид" футбол клубы, оның президенті мен директорлар кеңесі осы сүйікті елде соңғы сағаттарда болған жер сілкінісіне байланысты қаза болғандардың отбасыларына және бүкіл Колумбия халқына қайғырып көңіл айтады. "Реал Мадрид" атынан біз ынтымақтастығымызды білдіреміз және зардап шеккендерге тезірек сауығып кетуді тілейміз, оларға шынайы қолдауымызды жеткіземіз", - деп жазады "Реалдың" баспасөз қызметі.
Ресми мәлімдеме.
- Real Madrid C.F. (@realmadrid) August 10, 2026
Мадридтің тағы бір алпауыт клубы - "Атлетико" да қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, бүкіл Колумбия халқына қолдау көрсетті.
"Бүкіл "Атлетико Мадрид" отбасы Колумбиядағы жер сілкінісі құрбандары үшін қайғырады. Біз қаза болғандардың жақындарына көңіл айтамыз және Колумбия халқына күш-қуат пен қолдау білдіреміз", - деп мәлімдеді "Атлетико" өкілдері.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Atlético de Madrid (@atleticodemadrid) жарияланымы
Чемпиондар лигасының соңғы екі маусымының жеңімпазы - "Пари Сент-Жермен" де бұл жағдайдан тыс қалмады. Француз клубы зардап шеккендерге қолдау білдіріп, қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан жандарға қажыр-қайрат тіледі.
"Біз Колумбиямен және жер сілкінісінен зардап шеккен барлық адаммен бірге екенімізді білдіреміз. Осынау қиын сәтті бастан өткеріп жатқан отбасыларға көңіл айтамыз және зардаптарды жою жұмыстарына атсалысып жатқандарға тілектестік тілейміз", - делінген ПСЖ мәлімдемесінде.
Біз Колумбиямен және жер сілкінісінен зардап шеккен барлық жандармен біргеміз. Осынау ауыр кезеңде қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардаптарды қалпына келтірумен айналысып жатқандарға тілектестік білдіреміз. ????????????
- Paris Saint-Germain (@PSG_espanol) August 10, 2026
Құрамында тарихтағы ең үздік колумбиялық ойыншылардың бірі Луис Диас өнер көрсететін мюнхендік "Бавария" да табиғи апаттан зардап шеккен халыққа қолдау көрсетті.
"Бавария" ФК атынан біз Колумбияға және бүгінгі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтағы барлық отбасыға қолдауымыз бен ынтымақтастығымызды білдіреміз. Біз сіздермен біргеміз", - деп жазды "Баварияның" баспасөз қызметі.
"Бавария" ФК атынан бүгінгі жер сілкінісі болған аймақтағы барлық отбасыларға және Колумбияға күш-қуат пен ынтымақтастығымызды жолдаймыз ❤️????Біз сіздермен біргеміз ???????? pic.twitter.com/SCMnUcj3ZI
- FC Bayern München Español (@FCBayernES) August 10, 2026
Луис Диастың өзі де оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында колумбиялықтарға үндеу жасап, оларды қолдайтынын жеткізді.
"Менің тілегім мен күш-жігерім Колумбиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің бәріне арналады. Жүрегім де, ойым да сіздермен бірге. Құдай сіздерге әрқашан жар болып, қорғасын", - деп жазды Луис Диас.
Скриншот: instagram.com/luisdiaz19_
Ойыншылар арасында Колумбия тарихындағы үздік сұрмерген, жұлдызды шабуылшы Радамель Фалькао да қолдау білдірді.
"Бүгін менің ойым, менің және отбасымның дұғасы Колумбиямен бірге. Қайта еңсе тіктеуіміз үшін мен өз елімнің игілігіне қызмет етуге дайынмын", - деді Фалькао.
Скриншот: instagram.com/falcao
Колумбия билігі бұл жер сілкінісі елде соңғы онжылдықта тіркелген ең қуатты апат екенін хабарлады.
Табиғи апат салдарынан 1575 тұрғын үй зақымданып, 37-сі толығымен қираған. Сонымен қатар, 18 денсаулық сақтау орталығы, 52 білім беру мекемесі, 18 жол, жеті әуежай және басқа да инфрақұрылым нысандары зардап шекті.
Елде ұлттық ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Зардаптарды жою жұмыстарына армия жұмылдырылды.
Колумбия Президенті билік пен әскери басшылыққа зардап шеккен аймақтарға қажетті ресурстарды жеткізуді тапсырды. Билік үйінділер астында қалған адамдарды іздеу үшін ерекше зардап шеккен аймақтарға құтқарушылардың алғашқы топтары келеді деп күтіледі.
???????? Колумбияның Манисалес қаласындағы Қасиетті Розарий ханым соборының қуатты 7,4 балдық жер сілкінісі кезінде ішінара қираған сәті. pic.twitter.com/BzqUSPq1GT
- Visegrád 24 (@visegrad24) August 10, 2026