Қайтадан аптап: Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері 12, 13 және 14 тамызда Алматы мен Астанада ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +26...+28 градус.
13 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +28...+30 градус.
14 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18 градус, күндіз +32...+34 градус.
Алматыдағы ауа райы
12 тамызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз қатты ыстық - +34...+36 градус.
13 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз өте қатты ыстық - +35...+37 градус.
14 тамызда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз өте қатты ыстық - +35...+37 градус.
Қазақстанда тұман, нөсер және аптап күтіледі
Бұған дейін синоптиктер таяу күндері Қазақстанда құбылмалы ауа райы күтілетінін айтқан болатын. Кей өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін, ал оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының толық болжамы осы жерден оқыңыз.