Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Ескі eGov-ты мақтайды деп ойламаппын“: Цифрлық даму министрлігі жаңа порталға қатысты сынға жауап берді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жаңартылған eGov порталына қатысты сынға жауап берді. Бірінші вице-министр Ростислав Коняшкин әзірлеушілер қазақстандықтардың пікірін зерттеп жатқанын айтып, пайдаланушылардың ескертуі ескерілетініне уәде берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
eGov 3.0 іске қосылғаннан кейін көптеген қазақстандық порталдың жаңа интерфейсін сынға алды. Пайдаланушылар, атап айтқанда, қаріптің ұсақтығына, бөлімдердің үйреншікті емес орналасуына және қажетті қызметтерді табудың қиындығына шағымданды.
Үкіметте өткен брифингте журналист Коняшкиннің назарын осы ескертулерге аударып, кейбір функцияларды пайдалану бұрынғыдан қолайсыз болып кетсе, eGov-тың жаңа нұсқасының басты артықшылығы неде екенін сұрады.

"Жаңа eGov-ты іске қосқанда, ескісін мақтайды деп ойламаппын", - деп әзілдеді Коняшкин.

Журналист мәселе ескі нұсқаны мақтауда емес, қолдануға ыңғайлылығында екенін нақтылады: бұрын қажетті батырмалар жақын орналасқан, ал қаріп ірілеу болатын.
Коняшкиннің айтуынша, жаңа дизайн зерттеулер мен фокус-топтарда жүргізілген сауалнамалар негізінде әзірленген. Бұл ретте портал іске қосылғаннан кейін министрлік пайдаланушылардан кері байланыстың жаңа толқынын алған.

"Біз әлеуметтік желілерді мұқият бақылап отырмыз. Кері байланыс алдық. Аз ғана уақыт берсеңіздер, сол кемшіліктерді немесе пайдаланушыларымыздың тілектерін міндетті түрде ескереміз", - деді ол.

Қазақстандықтар неге шағымданып жатыр?
eGov жаңарғаннан кейін әлеуметтік желілерде порталдың жаңа интерфейсіне қатысты шағым көбейді. Пайдаланушылар бұрынғы нұсқа түсінікті әрі ыңғайлы болғанын жазып жатыр.
Негізгі шағымдар қатарында - қаріптің ұсақтығы, контрасттың жеткіліксіздігі, қызметтер карточкасының жаңа түрі және беттегі элементтердің орналасуы бар. Кейбір пайдаланушылар жаңартудан кейін порталда қажетті ақпаратты табу қиындап кеткенін айтады.
Threads-тен скриншот
Басты беттің визуалды безендірілуі де (қыздың суреті мен сары декоративті элементтері бар үлкен көгілдір баннер) сұрақтар туғызды.

"Бұрыштағы қыздың суреті мен толық емес гүлдің мағынасы қандай?! Бұл коммерциялық сайт емес қой. Нақты белгілері бар, қаріптері оқылатын бұрынғы анық нұсқаның несі жаман еді?", - деп жазды қолданушылардың бірі.

Threads-тен скриншот
Пікірлер арасында "Ескі eGov-ты қалаймын!" деген қысқа әрі нақты бағалар да кездеседі. Басқа қолданушылар бұл пікірді қолдап, бұрын порталдың үйреншікті көрінетінін және жұмыс істейтінін атап өтіп жатыр.
Threads-тен скриншот
Неге eGov өзгертілді?
Коняшкин өзгеріс порталдың сыртқы түріне ғана емес екенін түсіндірді. Оның айтуынша, бұрынғы eGov шамамен 2013 жылғы технологиялық стекте жұмыс істеген, ал оның техникалық бөлігі қазіргі заманғы жүктемеге төтеп бере алмайтын деңгейге жеткен.
Сондықтан платформа толығымен қайта жиналып, жаңа технологияларға көшірілді. Цифрландыру министрлігі бұл жүйенің тұрақтылығын арттырып, жаңа мемлекеттік қызметтерді тезірек әзірлеуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Қызметтердің бір бөлігі жаңа форматқа ауыстырылды, қалғандарын жыл аяғына дейін кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған.
Тағы бір міндет - пайдаланушы жасауы тиіс әрекеттер санын азайту болды. Мысалы, мемлекет басқа ақпараттық жүйелерден ала алатын деректер мен құжаттарды азаматтардан талап етпей, автоматты түрде сұрату көзделіп отыр.
Сондай-ақ Цифрландыру министрлігі eGov GPT-ні дамытуды жоспарлап отыр. Болашақта пайдаланушы ассистентке өзінің өмірлік жағдайын сипаттап береді, ал ол қажетті мемлекеттік қызметті тауып, тиісті мәліметтерді сұратады және өтінімді рәсімдеуге көмектеседі.
Бұдан бөлек, жаңа нұсқада мемлекеттік қызметтер атауы жеңілдетілді. Мемлекеттік тізілімдегі ұзын ресми тұжырымдардың орнына қазақстандықтарға үйреншікті атаулар қолданылуы тиіс.
Бұл ретте пайдаланушылардың жаңа дизайнға қатысты ескертулерін зерттеп, ескеруге уәде берілді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда eGov толығымен жаңартылатыны туралы осыдан бір жыл бұрын жазған болатынбыз. Салалық ведомство жаңартылған eGov 3.0 порталын дамытудың негізіне айналатын жаңа QazTech технологиялық платформасын енгізу туралы хабарлаған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России