Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық әлем чемпионына қарсы жекпе-жек өткізеді
Еркебулан Тоқтардың IBA Nomad Fighting ұйымдары ұйымдастырған International boxing day турнирінде жұдырықтасатыны белгілі болды. Қазақстандықтың қарсыласы - ұйымдастырушылардың мәліметінше, муай-тайдан әлем чемпионы, өзбекстандық файтер Бобиржон Исроилов. Жекпе-жек 28 тамызда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және кештің басты оқиғаларының бірі (со-main event) болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Айта кетейік, аталған турнирдің басты кездесуінде қазақстандық боксшы, әуесқойлар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай өнер көрсетеді.
Ол филиппиндік Нил Джакамосқа қарсы кәсіпқой рингтегі жекпе-жегінде IBF Asia чемпиондық титулын сарапқа салады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Сондай-ақ турнирде тағы бір қазақстандық әлем чемпионы - Сәкен Бибосынов жұдырықтасады. Ол WBO Africa белбеуінің иегері, намибиялық боксшы Иммануэль Йозефпен кездеседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы
Еркебұлан Тоқтар деген кім?
Тоқтар - ұзақ уақыт бойы поп-MMA-да өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан қазақстандық актер. Қазіргі таңда оның рекорды 11-3 құрайды.
Арменияда өткен соңғы жекпе-жегінде Тоқтар төрешілердің шешімімен Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек ұлынан жеңіліп қалды.Қазіргі уақытта Тоқтар - Қазақстандағы поп-ММА-дың ең танымал өкілі, оның инстаграм парақшасына 2,3 миллион адам жазылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Еркебұлан Тоқтардың (@erkebulan_toktar) жарияланымы