Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Қыздар.нет“ орнына “Финкездесулер“ ме? ІІМ Threads-тегі жазбаларға жауап берді

Threads әлеуметтік желісінде "қаржылық кездесулер" ұсынатын жазбалар жаппай пайда бола бастады. Мұндай хабарландыру авторлары ақшалай сыйақының болжамды мөлшерін көрсетіп, қызығушылық танытқан пайдаланушыларға өздерімен байланысуды ұсынып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Редакция әртүрлі уақытта жарияланған осындай көптеген хабарландыруды тапты. Жазба авторлары Астанада кездесуді ұсынып, кей жағдайларда қаланың нақты ауданын да көрсетіп жатады.
Хабарландыруларда авторлар "өз үйінде" кездесуді ұсынса, кейбірі кездесу тек қонақүйде ғана мүмкін екенін бірден нақтылайды.
Скриншот:Threads
Бұдан да нақтырақ хабарландырулар кездеседі - онда кездесу құны, мысалы, барып келу үшін 100 мың теңге екені көрсетіліп, автормен жеке хабарлама арқылы байланысу ұсынылған.
Скриншот:Threads
Мұндай жазбалардың кейбірі фотосуреттермен сүйемелденіп, ондаған реакциялар мен пікірлер жинап жатыр.
Скриншот:Threads
Мұндай хабарландырулардың таралуы аясында әлеуметтік желі қолданушылары бұл жағдайды "Қыздар.нет" сайтының жұмысын тоқтатуымен байланыстырып талқылай бастады. Атап айтқанда, ресурс бұғатталғаннан кейін ақшаға сексуалдық қызмет көрсететін әйелдердің бір бөлігі басқа алаңдарға, соның ішінде Threads-ке ауысуы мүмкін деген болжам айтылды.
Скриншот:Threads
Скриншот:Threads
Tengrinews.kz редакциясында аталған жазба авторларының нақты сексуалдық қызмет көрсететінін растайтын мәліметтер жоқ. Сонымен қатар жекелеген хабарландырулардың сипаты мен ондағы тұжырымдар Ішкі істер министрлігіне ақпарат алу үшін жүгінуге себеп болды.
Ведомство ішкі істер органдары ақпараттық кеңістікке тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, әлеуметтік желілердегі жарияланымдарды қадағалап отыратынын хабарлады.

"Құқыққа қайшы қызмет белгілері бар жарияланымдар анықталған жағдайда, заңнамада қарастырылған шаралар қолданылады, соның ішінде қатысы бар тұлғаларды анықтау және тексеру іс-шараларын жүргізу де бар", - деп хабарлады ведомстводан.

Бұл ретте ІІМ жарияланымды орналастырудың өзі құқықбұзушылық немесе қылмыс құрамын тудырмайтынын атап өтті. Құқықтық баға жарияланымның мазмұны мен нақты жағдайларға байланысты беріледі.
Министрлік жекелеген жағдайларда Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308 және 309-баптарында көзделген қылмыс белгілері байқалуы мүмкін екенін атап өтті.
Анықтама: ҚР ҚК 308-бабы жезөкшелікпен айналысуға тарту және сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету үшін жауапкершілікті қарастырса, ҚР ҚК 309-бабы жезөкшелікпен айналысу, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтер көрсету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық үшін жауапкершілікті көздейді.
Сонымен бірге ІІМ мұндай жарияланымдар санының артуы мен "Қыздар.нет" жұмысының тоқтатылуы арасындағы байланысты растаған жоқ.

"Ішкі істер министрлігінде жекелеген интернет-ресурстың қызметін тоқтатуы мен әлеуметтік желілердегі осындай жарияланымдар санының артуы арасында тікелей себеп-салдарлық байланыстың бар екені туралы расталған мәліметтер жоқ", - делінген ІІМ-нің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Министрлік ақпараттық кеңістікке мониторинг тұрақты негізде жүргізілетінін, ал құқыққа қайшы контент анықталған жағдайда қатысы бар тұлғалар анықталып, қажетті тексеру және процестік іс-шаралар жүргізілетінін айтты.
Бұған дейін ІІМ бізге құқыққа қайшы контенті бар веб-ресурстарды жүйелі түрде бұғаттайтынын, ал KyzDar.net қызметіне қарсы тұру үшін ведомство тіпті арнайы жұмыс тобын құрғанын хабарлаған болатын.Айта кетейік, бұған дейін аталған сайт ұзақ уақыт бойы қолжетімді болып келді. ІІМ мұны былай деп түсіндірген: иелері хостингті америкалық интернет-провайдерлерден жалға алған. Қазнет кезекті адресті бұғаттаған сайын, әкімшілер домен атауын Kyzdar.net-тен бірден Kyzdar2.net немесе Kyzdar4.net-ке ауыстырады.
Тағы оқыңыз: "Қыздар.нет" сайты артында кімдер тұрған және ондағы ақша айналы қандай болған? ІІМ мәлімдеді

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России