Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Әкімдікке дейін 500 метр: Ақтөбеде тұрғындары әлі күнге дейін даладағы әжетханаға баратын аудан бар

Ақтөбеде облыстық әкімдіктен небәрі 500 метр жерде орналасқан көшелердің бірінің тұрғындары әлі күнге дейін даладағы дәретхананы пайдаланып отыр. Мұндағы үйлер осыдан 70 жыл бұрын салынған, бірақ орталық кәріз жүйесі сол күйі жүргізілмеген. Тұрғындар өз қаражаттарына кәріз құбырын тартуды ұйғарып, 9 миллион теңгеге жуық ақша жинаған, алайда қазір не кәрізсіз, не ақшасыз қалдық деп отыр. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Балқытушылар тұйық көшесі Ақтөбе қаласының нақ ортасында орналасқан. Мұнда облыстық әкімдікке дейін шамамен 500 метрдей ғана жер.
Фото Tengrinews.kz
Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша, өңірдің басты әкімшілік ғимаратына жақын орналасуы олардың өркениет игіліктеріне қол жеткізуіне еш септігін тигізбеген.
Мұнда негізінен байырғы тұрғындар тұрады. Олардың үйлері осыдан 70–80 жыл бұрын салынған.
Фото Tengrinews.kz
Алайда арада ондаған жылдар өтсе де, аулаларында әлі күнге дейін орталық кәріз жүйесі жоқ, ал дәретхана үй ішінде емес, далада орналасқан.

"Біздің көшеге ешкім мүлдем көңіл бөлмейтін сияқты. Облыстық әкімдіктің іргесінде отырсақ та, бізге неге кәріз жүйесін жүргізіп бермейді? Неге біз өз бетімізше адамдарды іздеп, соңында алданып қаламыз? Мұнда өркениеттің ешқандай белгісі жоқ - жарық та, асфальт та, орталық кәріз де жүргізілмеген", - деп кейиді жергілікті тұрғын Ханзада Райып.

Қала орталығында тұрса да, Балқытушылар көшесінің тұрғындары әлі күнге дейін даладағы дәретхананы пайдалануға мәжбүр.
Фото Tengrinews.kz
Әр аулада септик бар. Тұрғындардың сөзінше, ол өте тез толып қалады.
Фото Tengrinews.kz

"Мұнда тұрып жатқаныма 25 жыл болды. Бірде-бір шенеунік, бірде-бір депутат келіп жағдайымызды сұраған емес. Ең сорақысы - XXI ғасырда өмір сүрсек те, орталық кәріз жүйесінің не екенін білмейміз. Айына 3-4 рет септикті тазалау үшін ассенизатор машинасын шақыруға тура келеді. Әр шақырту 8 000-10 000 теңге тұрады. Септик лезде толып кетеді", - дейді зейнеткер Төреғали Өткелов.

Төреғали Өткелов. Фото: Tengrinews.kz
Зейнеткерлер үшін септикті үнемі сорғызу жай ғана тұрмыстық мәселе емес, айтарлықтай шығын көзіне айналған.
Фото Tengrinews.kz
Тұрғындардың айтуынша, олар мәселені өз бетінше шешпек болып, осыдан екі жыл бұрын орталық кәріз жүйесін жүргізіп беруге уәде берген маман тапқан. Тұрғындар мердігер 28 үйдің әрқайсысынан 300 мың теңгеден ақша жинап алғанын айтады.

"Септикті тазалау үшін ассенизаторды үнемі шақырудан шаршадық. Мұнда зейнеткерлер көп. Орталық кәріз жүргіземін деп уәде берген адамды таптық. 28 үйден 300 000 теңгеден жинап алды. Бұл ақшаны несиеге алып, өз қолымызбен бердік. Содан бері екі жыл бойы уәдемен алдап келді. Трактор келгендей болды, құбырлар әкелінді. Бірақ кәріз сол күйі жасалмады. Траншея қазып, кейін қайтадан көміп тастады. Ақшамызды да қайтарған жоқ", - дейді Ақтөбе тұрғыны Зәуреш Имжарова.


Нәтижесінде кәріз жүйесінің орнына тұрғындардың мойнында қарыз, қазылып, қайта көмілген траншея және алданып қалғандай сезім қалды. Тұйық көшеде барлығы 60-қа жуық отбасы тұрады. Бірақ жұмыс үшін тек 28-і ақша берген. Енді бұл адамдар алаяқтың құрбаны болғанына сенімді. Олар полицияға шағым түсіріп, кеше ғана "құтқарушы" деп санаған адамының үстінен арыз жазды.

"2025 жылдың 20 қазанында алаяқтық дерегі бойынша полицияға арыз берілді. Шығын көлемі - 8 700 000 теңге. Бір жылдан бері бұл іс созбалаңға салынып келеді. Тергеу амалдары ойдан шығарылған себептермен жүйелі түрде тоқтатылады. 5 тергеуші ауысты. Біздің талабымыз біреу - үзінді көшірмелер бойынша сот-экономикалық сараптама жүргізу. Негізінде бұл адам өзінің ЖШС-і арқылы Балқытушылар көшесінің тұрғындарымен келісімшарт жасасқан. Бірақ қаражатты өзінің жеке шотына қабылдаған. Тергеушімен бірге үзінді көшірмені зерттей келе, бұл ақшаның жеке қажеттіліктерге: азық-түлік, киім-кешек сатып алуға, жақындарына аударуға, сондай-ақ онлайн-казиноға жұмсалғанын анықтадым", - деді Балқытушылар көшесіндегі 28 тұрғынның адвокаты Қайрат Имжаров.

Адвокат Қайрат Имжаров. Фото: Tengrinews.kz
Tengrinews.kz тілшісі тұрғындарға кәріз жүргізуге уәде берген адаммен хабарласа алды. Ол кінәсін мойындамайды. Оның айтуынша, бастапқыда 40-қа жуық үйді қосу жоспарланған. Тұрғындарға қажетті үй саны жиналған жағдайда 550 мың теңгеден болады деп ұсынылған, бірақ ниет білдіргендер саны аз болған.

"Балқытушылар тұрғындары ештеңе істеген жоқ деп айтып отыр. Мен ол жерге 220 метр кәріз құбырын төседім. Материалдарды сатып алдым. Шамамен 40 үй жиналуы керек еді. Смета бойынша есептесек, сома мүлдем басқаша шығады - әр үйден 800 000 теңгеден болады. Бірақ кемінде 40 үй жиналса, 550 000 теңгеден жасайтын болып келістік. Алайда тек 28-і ғана келісті. Мен тағы да олардың жағдайын ойлап, жұмысты өз ақшама бастай берейін дедім. Бірақ алдымен құжаттарды: келісімді, жобаны жинап алуым керек болды. Құжаттарды өткен жылдың тамыз айына дейін, жер жұмыстарына арналған ордерге дейін жинадым. Осы уақыт бойы күтіп отырмас үшін басқа нысандарды алдым. Ал кезек соларға келгенде, олар үстімнен арыз жазып қойыпты", - деді кәріз желілерін монтаждау маманы Марат Нәзенов.

Ер адам жұмыстардың шынымен орындалғанын алға тартты. Оның айтуынша, учаскеде 220 метр кәріз жүйесі тартылған және ол атқарылған жұмыс туралы есеп беруге дайын.

"Мен уәде еткенімдей, кәріз жүйесін өз есебімнен жүргіземін, бірақ болашақта оған қосылатындар менен рұқсат алатын болады. Тұрғындар маған аударған ақшаның шамамен жеті миллионы 220 метр кәріз жүйесін тартуға жұмсалды. Себебі техника, көлденең бұрғылау жұмыстары, жұмыс күші тартылып, материалдар сатып алынды және бұл құбыр жер астына төселді. Жұмысты жалғастыру үшін маған енді құжаттар пакетін қайта жинау керек. Мен оларға кәріз жүргізіп беруге келісемін. Тек біз олармен өзара мәмілеге келе алмай отырмыз", - деді Марат Нәзенов.

Бұл арада тараптар арасындағы дау тұйық көшенің шеңберінен шығып кетті. Тұрғындар ақшаны қайтаруды және жұмысты аяқтауды талап етсе, мердігер қосымша төлемсіз және жаңа келісімсіз жұмысты жалғастыру мүмкін емес деп отыр. Жағдайға қатысты полиция департаменті де пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта дәлелдемелерді бекітуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдарының нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады", - деп түсіндірді Ақтөбе облыстық ПД өкілдері.

Ал Балқытушылар тұйық көшесіндегі орталық кәріз жүйесі неліктен бюджет есебінен жүргізілмейді деген сұраққа шенеуніктер нақты жауап бермеді. Әкімдіктегілер егер сумен қамтушы ұйым тиісті рұқсат берсе, тұрғындар бұл мәселені өз бетінше шеше алатынын түсіндірді.
Фото Tengrinews.kz
Бұл ретте, жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұдан ары күту мүмкін емес. Олардың септиктері үнемі толып кетеді, ассенизаторларды айына бірнеше рет шақыруға мәжбүр, ал мәселені шешу үшін адамдар жинаған ақша енді қылмыстық істің нысанына айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России