Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Бірінші шақырылымдағы Құрылтай төрағасы сайланды

Айбек Дәдебай жаңа Құрылтайдың төрағасы болып сайланды. Депутаттар оның кандидатурасын жасырын дауыс беру барысында қолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін, 28 тамызда Президент бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясын ашты. Мемлекет басшысы депутаттарға Құрылтай төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынды.
Депутаттар Қазақстан халқына адал болуға ант беріп, одан кейін парламенттік сайлау комиссиясының құрамын анықтады. Оның құрамына тоғыз депутат кірді.
Жасырын дауыс беру алдында Құрылтай депутаттары сайлау бюллетенімен танысты. Осыдан кейін жасырын дауыс беру рәсімі басталды.
Сайлау бюллетені/Құрылтай отырысы трансляциясынан скриншот
Жасырын дауыс беру үшін Құрылтайдың мәжіліс залы алдындағы фойеде арнайы кабиналар мен жәшік орнатылды. Депутаттарға бюллетень кеше төсбелгілермен бірге алған депутаттық куәліктерін көрсеткеннен кейін берілді.
Жасырын дауыс беру нәтижесінде Айбек Дәдебай бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың төрағасы болып сайланды. Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы төрағасы зор сенім көрсетілгені үшін алғыс білдірді.

"Мемлекет басшысына сенім білдіріп, Құрылтай төрағалығына кандидат ретінде ұсынғаны үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Жүзеге асырылып жатқан реформалардың ауқымы бізден қажырлы еңбекті талап етеді, әрбір шешімнің артында нақты мақсат тұруы тиіс", - деді ол.

Айбек Дәдебай кім?
2001 жылы Айбек Дәдебай Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, ал 2003 жылы магистратураны тәмамдап, өңіртану магистрі атанды.
Әр жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы, Сенат аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Сенат төрағасының міндетін атқарушы көмекшісі қызметтерін атқарды.
Қазақстанның БҰҰ-дағы (Женева) тұрақты өкілдігінде атташе, үшінші хатшы, Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың қаңтарында Президент Іс басқарушысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
Дипломатиялық дәрежесі – II сыныпты кеңесші. "Құрмет" ордені және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Еске салайық, 5 мамырда Президенттің жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Тоқаевтың жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалды.
7 мамырда Айбек Дәдебай жаңа "Әділет" саяси партиясының төрағасы болды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайға Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіндегі жұмысына жоғары баға беріп, алғысын білдірді.
Қазақстанда жаңа Парламент
28 тамызда Қазақстанда бір палаталы Парламент - Құрылтайдың тарихтағы алғашқы отырысы өтті. Жаңа шақырылым депутаттары осы отырыста ресми түрде жұмысқа кірісті.
Бір күн бұрын Орталық сайлау комиссиясы бір палаталы Құрылтайдың жаңа депутаттарын тіркеді. Оларға депутат куәліктері мен төсбелгілері табысталды.
Еске салайық, 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Оны қабылдағаннан кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылды. Жаңа Парламент құрамына бес жыл мерзімге сайланатын 145 депутат кіреді.
23 тамызда Қазақстанда Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтті. Бұл - 1991 жылдан бері елдегі оныншы парламенттік сайлау және конституциялық реформадан кейінгі алғашқы сайлау.
25 тамыздағы жағдай бойынша, дауыс беру қорытынды нәтижелерін мына жерден көруге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России