Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Жаңа министрлер кабинеті: Қазақстан Үкіметі қалай өзгерді?

Қазақстан Үкіметі отставкаға кеткеннен кейін Министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды. Кімдер қызметінен кетті, кімдер министрліктегі орнында қалды және Үкімет құрамы қаншалықты өзгерді - Tengrinews.kz тілшісінің материалында.
Үкімет неге отставкаға кетті?
28 тамызда Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Бұл бір палаталы Құрылтай депутаттарының сайлауынан кейін болды. 1 шілдеден бастап елде жаңа Конституция күшіне енді. Онда Мәжіліс пен Сенатты тарату, Құрылтайды жасақтау және депутаттар сайлауынан кейін Үкіметтің отставкаға кетуі қарастырылған. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау күні, 23 тамызда айтқан болатын.
Министрлер кабинеті қаншалықты жаңарды?
Үкіметте премьер-министр лауазымын қосқанда 25 министрлік позициясы бар. Нәтижесінде 4 министр ауысты. Осылайша, Үкімет құрамы 16 пайызға жаңарды.
Отставкадан кейін премьер-министр лауазымын Олжас Бектенов сақтап қалды. Ол бұл қызметті 2024 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді. 2026 жылдың тамызында ол қайта тағайындалды.
Премьер-министрдің орынбасарлары
Премьер-министрдің алты орынбасары бар. Олардың бесеуі өз қызметтерінде қалды:

Нұрлыбек Нәлібаев - премьер-министрдің бірінші орынбасары. Ол 50 жаста. Бұрын Қызылорда әкімі, премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облысының әкімі болып жұмыс істеген. Үкіметтегі лауазымын 2026 жылдың мамырында иеленді.
Ғалымжан Қойшыбаев - премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы. Ол 58 жаста. Мемлекеттік аппараттың жұмысын, әкімшілік реформаны және бюрократиядан арылтуды, цифрландыруды және заң жобалау жұмыстарын үйлестіреді. Қойшыбаев бұл қызметті 2023 жылдың қаңтарынан бері сақтап келеді. Бұл оның төртінші рет қайта тағайындалуы.
Қанат Бозымбаев - премьер-министрдің орынбасары. Ол 57 жаста. Өңірлік саясатты, ТҮКШ, су ресурстары және төтенше жағдайларды жою мәселелерін үйлестіреді. Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып 2024 жылдың наурызынан бері жұмыс істейді. Бұрын ол - Президент кеңесшісі, Алматы облысының әкімі, Президент көмекшісі, энергетика министрі болған.
Серік Жұманғарин - премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі. Макроэкономикалық, бюджеттік, салықтық және сауда саясатын, бизнесті дамыту мен инвестицияларды, қаржы секторын, агроөнеркәсіптік кешен мен жер қатынастарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы ынтымақтастықты үйлестіреді. Ол 57 жаста. Вице-премьер лауазымын 2022 жылдың тамызынан бері атқарып келеді. Бұл оның төртінші рет қайта тағайындалуы.
Жаслан Мәдиев - премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі. Ол 43 жаста. Бұл қызметке екінші рет тағайындалды. Бұған дейін ол цифрлық даму бірінші вице-министрі, Binance Kazakhstan бас менеджері болып жұмыс істеген.

Бұған дейін премьер-министрдің алтыншы орынбасары мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болған еді, ол жақында Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Жаңа Үкіметте Мәдениет министрі ауысты, бірақ ол премьер-министр орынбасары лауазымын иеленген жоқ.
Жаңа министрлер
Министрлер арасында тек төртеуі жаңадан келген.
Президент алдымен сыртқы істер министрін тағайындады. Бұл қызметке үш жыл бойы СІМ-ді басқарып, арада үш жыл өткен соң 58 жастағы Мұхтар Тілеуберді қайта келді. СІМ-ге оралғанға дейін ол Қазақстанның Австриядағы Төтенше және өкілетті елшісі болды.
Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына Әлібек Қуантыров тағайындалды. Ол да Үкіметте жаңа адам емес. Бұған дейін Қуантыров ұлттық экономика министрі болған, кейін KAZENERGY-ді басқарды, одан соң сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
Арман Қырықбаев - мәдениет және ақпарат министрі. Ол 49 жаста. Бұған дейін Алматы әкімінің орынбасары болды, кейін Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болды.
Тағы бір жаңа министр - ТЖМ басшысы Мұрат Мұханов. Ол 41 жаста, тағайындалғанға дейін Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы болып жұмыс істеген.
Министрлер кабинетіндегі күштік құрылым басшыларының арасында ешқандай өзгеріс болған жоқ:

ІІМ басшысы - 57 жастағы Ержан Сәденов. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келеді - екінші рет қайта тағайындалды. Бұған дейін Сәденов Ақмола облыстық полиция департаментін және елордалық полиция департаментін басқарған.
Қорғаныс министрі болып 56 жастағы Дәурен Қосанов қалды. Бұл лауазымда ол 2025 жылдың тамызынан бері қызмет етеді. Бұған дейін Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, кейін қорғаныс министрінің орынбасары болды.

"Азаматтық" министрлер арасында өз орнында қалғандар:
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев. Ол 51 жаста. Бұл лауазымды 2025 жылдың қаңтарынан бері иеленіп келеді. Бұрын Сәрсембаев Конституциялық Соттың судьясы болған.
Көлік министрі – 59 жастағы Нұрлан Сауранбаев. Бұл қызметті ол 2025 жылдың маусымынан бері атқарады. Бұған дейін Сауранбаев Шымкент әкімі болды, Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді және "Қазақстан темір жолын" басқарды.
Энергетика министрі лауазымында Ерлан Ақкенженов қалды. Ол 47 жаста. Министр қызметін 2025 жылғы наурыздан бері атқарып келеді. Бұған дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген, "ҚазМұнайГаздың" мұнай өнімдері маркетингі басқармасын басқарған және энергетика вице-министрі болған.
Ерсайын Нағаспаев - өнеркәсіп және құрылыс министрі. Ол министрлік тізгінін 2025 жылғы ақпаннан бері ұстап отыр. Бұрын Нағаспаев "Новострой Астана" компаниясында жұмыс істеген, кейін "Қазақстан темір жолында" басшылық лауазымдарды атқарған.
43 жастағы Жұлдыз Сүлейменова да оқу-ағарту министрі ретінде жұмысын жалғастырады. Ол министрлікті 2025 жылғы қыркүйектен бері басқарып келеді. Бұл тағайындауға дейін Мәжіліс депутаты болған.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевқызметінде қалды. Ол 49 жаста. Министрлікті басқарып келе жатқанына үш жыл болды.
Нұржан Нұржігітов - су ресурстары және ирригация министрі. Ол 59 жаста. Бұл лауазымда үшінші жыл қызмет етеді. Бұрын Жамбыл облысының әкімі болған.
55 жастағы Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы болып жұмысын жалғастырады. Ол бұл қызметке 2024 жылғы ақпанда келген. Оған дейін 4 жыл бойы Сенат депутаты болды.
60 жастағы Айдарбек Сапаров - ауыл шаруашылығы министрі. Ол бұл лауазымда 2023 жылғы қыркүйектен бері отыр. Бұл оның екінші рет қайта тағайындалуы. Бұрын ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып жұмыс істеген.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Асқарбек Ертаев қайта тағайындалды. Ол 49 жаста. Бұл лауазымға 2026 жылғы қаңтарда келген. Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейін бірінші вице-министрі болған.
Мәди Такиев - қаржы министрі. Ол 48 жаста. Такиев бұл лауазымда 2024 жылдан бері қызмет етеді. Оған дейін ұлттық экономика вице-министрі болып, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген.
Ғылым және жоғары білім министрі болып 45 жастағы Саясат Нұрбек қайта тағайындалды. Ол 2022 жылдан бері министр қызметінде және бұл оның үшінші рет қайта тағайындалуы. Бұрын ол "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, National Geographic Kazakhstan кеңесшісі болып жұмыс істеген, BTSDigital және BTS Education білім беру жобаларын басқарған.
42 жастағы Ербол Мырзабосынов - туризм және спорт министрі. Мырзабосынов министр болып 2024 жылғы қыркүйекте тағайындалған болатын. Бұған дейін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры, кейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда бір палаталы парламент - Құрылтай құрылды. Оның құрамына 145 депутат кірді. Мандаттар бес партия арасында бөлінді: "Әділет" 110 орын, "Ауыл" партиясы - 10, Respublica - 9, ал ЖСДП мен "Ақ жол" 8 мандаттан иеленді. Кімдер депутат болғаны туралы толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России