Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“АИ-95 құйдың, ал ол АИ-92“: Қазақстанда жанармай құю бекеттеріндегі тексеріс нені көрсетті?

Қазақстанда жүргізушілер жанармай бекеттеріндегі бензин сапасына жаппай шағымдана бастады. Жанармай құйғаннан кейін көліктер жұмысында кідірістер болып, кей жағдайда иелері күрделі ақауға тап болған.
Tengri Auto редакциясы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетіне жүгінді. Атап айтқанда, біз 2025 және 2026 жылдары жүргізілген тексерулер, олардың жиілігі және анықталған заңбұзушылықтар туралы деректерді сұраттық.
Бізге берілген ақпарат бойынша, 2025 жылы мемлекеттік бақылау аясында 32 бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 6 жағдайда заңбұзушылықтар анықталған.
2026 жылы комитеттің аумақтық департаменттері ЖҚБ-ларда 55 бақылау іс-шарасын, соның ішінде жоспардан тыс тексерулерді, профилактикалық бақылау мен бақылау мақсатында сатып алу жүргізген.

"Осылайша, бақылау мақсатында сатып алу аясында автобензиннің 22 үлгісі іріктеп алынды. Зертханалық тұрғыда бензиннің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуінің үш жағдайы расталды: екеуі октан саны бойынша және біреуі күкірттің массалық үлесі бойынша", - деп хабарлады ведомство.

Бізге тексерулердің егжей-тегжейлі нәтижелері туралы да айтылды. Мәселен, Алматыда АИ-100 маркасымен сатылған бензин октан саны бойынша тексеруден өтпей қалған: тиісті кем дегенде 100 көрсеткіштің орнына зертхана 99-ды тіркеген.
Бірқатар сынамадан мамандар күкірт мөлшерінің рұқсат етілген шектен асып кеткенін де анықтады. Мысалы, К5 экологиялық класы үшін норма 10 миллиграмнан аспауы тиіс болса, іс жүзіндегі көрсеткіш келісіне 33 миллиграмды құраған. Яғни, рұқсат етілген мән үш еседен астамға артық болған.
Қызылорда облысында АИ-95 ретінде сатылған бензин іс жүзінде көрсетілген октан санына сәйкес келмеді: зертхана 95-тің орнына 92 көрсеткішін тіркеді.
Жетісу облысында К4 экологиялық класындағы АИ-92 бензинінде күкірт мөлшері 50 миллиграмнан аспауы тиіс болса, келісіне 105 миллиграмды құрады. Осылайша, норма екі еседен астамға асып кеткен.
Ведомство мәліметінше, анықталған барлық заңбұзушылықтар бойынша тиісті жедел әрекет ету шаралары қабылданды.
Жанармайға қатысты шағымдар қаншалықты жиі түседі?
Бізге қазіргі уақытта комитеттің аумақтық департаменттерінде отын сапасы мәселелері бойынша 12 өтініш қаралып жатқаны мәлім болды.
Оның ішінде: 9-ы - Астана қаласы бойынша, 1-еуі - Павлодар облысы бойынша және 2-еуі - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша.
Жоспардан тыс тексеру нақты заңбұзушылық бойынша және нақты ұйымға немесе объектіге қатысты жүргізіледі. Оның мақсаты - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға төнетін қауіптің алдын алу немесе жою, сондай-ақ азаматтардың, бизнестің және мемлекеттің құқықтарын қорғау.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 144-бабы 5-тармағына сәйкес, азаматтың немесе ұйымның заңнама бұзуы туралы өтініші мұндай тексеруге негіз бола алады.
Бұл ретте шағым дәлелдермен расталуы тиіс. Мысалы, чектер, жүкқұжаттар, фото, видео немесе заңбұзушылық дерегін растайтын басқа да материалдар болуы қажет.
Сапасыз бензин сатқаны үшін ЖҚБ иесіне қандай қауіп төнеді?
Ведомство отынның техникалық регламенттермен белгіленген талаптарға, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмегені үшін ӘҚБтК-нің 415-1-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын хабарлады.
ӘҚБтК-нің 415-1-бабы сәйкестікті растау және бағалау, өлшеу құралдарын тексеру және аккредиттеу жүргізу кезіндегі заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қарастырады. Атап айтқанда, айыппұлдар құқық бұзушының санатына байланысты 90-нан 600 АЕК-ке дейін жетеді. Қосымша ретінде тиісті аккредиттеу құжаттары мен сертификаттардың қолданылуын алты айға тоқтата тұру қарастырылған.
Мәселен, 2026 жылы Жетісу облысында бензиннің күкірттің массалық үлесі бойынша сәйкес келмеуі дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, оның нәтижесінде 195 АЕК әкімшілік айыппұл салынған.

"Бензиннің октан саны көрсеткіші бойынша анықталған сәйкессіздіктер бойынша комитеттің аумақтық департаменттері жалпы құны 5 764 500 теңге болатын бензин партияларын айналымға шығаруға тыйым салу туралы қаулылар шығарды", - деп бөлісті министрлік өкілдері.

Қандай дәлелдемелер жинау керек?
Өнеркәсіп министрлігі тұтынушының отын сапасына күмәні туындаған жағдайда қалай әрекет ету керек екенін түсіндірді.
Біріншіден, фискалдық чектерді және сатып алынған отынның үлгілерін сақтау қажет. Үлгілерді аккредиттелген сынақ зертханаларына жіберу керек болады.
Зертханалар тізімі
Сондай-ақ көліктің ақауы туралы растайтын құжаттар қажет, құжаттардың толық пакетімен eOtinish арқылы комитеттің аумақтық департаментіне жүгінуге болады. Немесе тұтынушы ҚР Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес залалды өтеу туралы сотқа талап арыз бере алады.
Оқиғаның мән-жайы
Бұған дейін әлеуметтік желілерде АИ-92 және АИ-95 бензинінің сапасына шағымданған қазақстандықтардың көптеген жазбалары жарияланған болатын.
Кейбір пайдаланушылар көліктің бұзылуы сапасыз жанармаймен байланысты болуы мүмкін екенін хабарлаған.
Tengri Auto тілшісі мәселенің қаншалықты кең таралғанын анықтау және мамандармен сөйлесу үшін Алматыдағы техникалық қызмет көрсету станцияларының біріне барды. Тілші барған кезде барлық бокста жанармай құйғаннан кейін бұзылған көліктер тұрды.
Толығырақ біздің материалымызда.
Сондай-ақ біз Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне хабарласып, егер көлік сапасыз жанармайдың кесірінен бұзылса, иесі жөндеу шығындарын өтеуді талап ете ала ма деген сауал жолдадық.
Ведомство мұндай мүмкіндіктің заңнамада қарастырылғанын түсіндірді. Дегенмен көлік иесі жанармай сатып алу дерегі мен ақаудың бар екенін ғана емес, бензин сапасы мен көліктің бұзылуы арасындағы себеп-салдарлық байланысты да дәлелдеуі тиіс.

"Егер көлікке келтірілген зиян сатып алынған жанармайдың сапасыздығынан болғаны расталса, тұтынушы келтірілген шығынды өтеуді талап етуге құқылы", - деп хабарлады комитеттегілер.

Дегенмен адвокат Абзал Қасымжанов тіпті барлық растаушы құжат болса да, сот процесі ұзаққа созылуы мүмкін екенін айтты.
Адвокаттың бағалауы бойынша, бірінші инстанциядағы салыстырмалы түрде қарапайым іс біраз уақытты алуы мүмкін. Егер сараптама, мамандарды шақырту, қосымша құжаттарды сұрату немесе қайта зерттеу қажет болса, процесс төрт-алты айға немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России