Әлібек Қуантыров экология министрі болып тағайындалды
Әлібек Қуантыров экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін Әлибек Қуантыров сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.Әлибек Қуантыровтың өмірбаяныӘлибек Қуантыров 1983 жылы Атырауда дүниеге келген.
Томск мемлекеттік университетін және Мичиган университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы қызметінен бастаған.2005–2010 жылдары Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі қызмет атқарды.2010–2013 жылдары қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау және болжау департаменті директорының орынбасары болды.2013 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.2013–2019 жылдары Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымда еңбек етті.2019 жылғы сәуірден бастап Тұңғыш Президент кеңсесінің ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.2019 жылы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданды.2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.2024 жылғы сәуірде Әлибек Қуантыров KazEnergy қауымдастығының бас директоры болып тағайындалды.2024 жылғы шілдеде Қуантыров сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!