Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Қан құю үшін ғана емес“: Астанада донор қанымен жараны емдейді

Донор қаны туралы сөз болғанда, адамдар әдетте оны тек ота жасау немесе ауыр сырқат кезінде құю деп түсінеді. Алайда қанның мүмкіндіктері бұдан әлдеқайда кең. Қазақстанда оның компоненттері зақымдалған тіндерді қалпына келтіру және күрделі жараларды жазу үшін қолданылады. Бұл қандай технология және қалай жұмыс істейді - Tengri Health тілшісі анықтап көрді.
Донор қанымен жараны қалай емдейді?
Бұл әдісті енгізіп жатқан Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының өкілдері оның негізінде тромбоциттердің ерігіш факторларымен байытылған плазманы қолдану жатқанын айтты.
Дәрігер-трансфузиолог, Денсаулық сақтау министрлігі Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Сәния Әбдірахманова ол қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

"Қарапайым тілмен айтқанда, тромбоциттер - бұл ағзаға қан тоқтатуға көмектесетін қан жасушалары. Олар белсендірілген кезде арнайы заттар - өсу факторлары мен тіндерді қалпына келтіруге қатысатын басқа да биологиялық белсенді компоненттерді бөліп шығарады", - деп түсіндіреді Әбдірахманова.

Әдіс келесі жағдайларда қолданылады:

ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жараларды емдеу үшін;
бедеулік диагнозы қойылған әйелдерде, соның ішінде ЭКО-ның сәтсіз әрекеттерінен кейін эндометрийді қалпына келтіру үшін;
травматологияда, ортопедияда және спорттық медицинада - жарақаттан кейін тіндерді қалпына келтіру үшін.

Анықтама: Эндометрий - бұл жатырдың ішкі шырышты қабаты, ол әрбір етеккір циклінде гормондар әсерінен қалыңдап, содан кейін етеккір кезінде ішінара ажырап түседі де, қайта қалпына келеді. Егер эндометрий тым жұқа болса немесе зақымдалса, бұл эмбрионның имплантациялану ықтималдығын төмендетуі мүмкін.
Байытылған плазма пациенттің өз қанынан да, донор қанынан да алынады. Инъекция пациенттерге салынады.
Әбдірахманованың айтуынша, жұмыстың басты бағыттарының бірі - ұзақ уақыт жазылмайтын жаралары мен ойық жаралары бар, соның ішінде диабет табан синдромына шалдыққан адамдарға көмектесу.
Анықтама: Диабет табан синдромы - бұл қант диабетінің асқынуы, бұл кезде аяқ басының жүйкелері мен тамырлары зақымдалады.

"Мұндай пациенттер үшін кішкентай жараның өзі күрделі мәселеге айналып, айлап жазылмауы мүмкін. Сондықтан тіндердің қалпына келуін жеделдетудің жаңа тәсілдерін іздеудің маңызы зор", - деп атап өтті сарапшы.

Екі аптада жазылды: пациенттердің нәтижелері
Орталық терінің ауыр зақымдануы кезінде осы әдістемені қолданудың мысалдарын бөлісті.
Күрделі жағдайлардың бірі қант диабеті мен көптеген ойық жарасы және қажалған терісі бар диабет табан синдромына шалдыққан 43 жастағы ер адамға қатысты болды. Жара 10 апта ішінде емделді, ол үшін мамандар препараттың 23 дозасын қолданды.
Аяғында созылмалы трофикалық ойық жарасы бар әйелде (мұндай жаралар әдетте ұзақ жазылмайды) емдеу төрт аптаға созылды.

"Айта кету керек, бұл қосымша әдіс ретінде қолданылады. Созылмалы жара кезінде негізгі ауруды бір мезгілде бақылауда ұстау, қажетті хирургиялық және жергілікті ем жүргізу, жараны күту және таңғышты ауыстырып тұру маңызды", - деп атап өтті Сәния Әбдірахманова.

Орталық мамандарының мәліметінше, қалпына келтіру үшін тромбоциттердің ерігіш факторларымен байытылған плазма қолданылған пациенттерде жараның жазылу процесінің оң динамикасы байқалған.
Бұған дейін Алматыда қандай қан тапшы және неге әрбір бесінші донордан бас тартылатыны туралы жазған едік.
Тағы оқыңыз: Қазақстандық донор болуға келісіп, ал отбасы қарсы болса: кімнің шешімі ескеріледі?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России