Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

“Қыркүйек” әлде “қыргүйек”: Ғылым министрлігі дауға нүкте қойды

Оқу жылының басталуымен әлеуметтік желілерде қыркүйек айының қазақша атауы қалай дұрыс жазылады - "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе деген талас қайта басталды. Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне хабарласып, дұрыс нұсқасын білді.
"Бұрын "қыркүйек" еді ғой, неге "қыргүйек" болып кетті?"
Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қыркүйек айының жазылуына қатысты ондаған жазба пайда болды. Бұған мектеп дәптерлері мен оқулықтарында үйреншікті нұсқаның "қыргүйек" деп ауыстырылуы себеп болған.

"Не болып жатыр? "Қыркүйек" қашаннан бері "қыргүйек" болып кеткен?" – деп жазды қолданушылардың бірі.

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Тағы бір қазақстандық баласының жұмысын көрсетті, онда мұғалім сөзді түзетіп, жаңа нұсқауға сілтеме жасаған.

"Көмек керек! "Қыргүйек" деп қашаннан бері жазылады? О бастан "қыркүйек" деп жазылатын. Мұғалім жаңа нұсқау келгенін және енді "г" әрпі арқылы жазу керектігін айтады. Олай болса, неге бір шешімге келе алмайды?" – деп жазды ата-ана.

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Осындай сұрақтар мектеп оқулықтарына қатысты да туындады.

"Тіпті екінші сыныпта оқитын інім де мына жерде "қыргүйек" деп қате жазылып тұрғаны қалай, "қыркүйек" емес пе деп сұрап жатыр", – делінген желідегі жазбада.

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
"Балаға кімнің нұсқасы дұрыс екенін қалай түсіндіреміз?"
Пікірталас пікірлер бөлімінде де жалғасты. Кейбір қолданушылар "қыркүйек" деп жазу дұрыс десе, басқалары "қыргүйек" нұсқасын қолдайды.
Бұл ретте ата-аналарды мектепте балалардың "к" әрпін "г"-ге түзетіп, ал мектептен тыс жерде үйреншікті жазуды көруі абдыратып отыр.

"Маған мынау қызық: мектепте мұғалімдер "к"-ны "г"-ге түзетеді, ал қала ішіндегі маңдайшалар бұрынғыша жазылған. Балаға кімнің сөзі дұрыс екенін қалай түсіндіреміз?" – деп кейіді желі қолданушысы.

Threads желісіндегі жазбаның скриншотыӘзіл-қалжың да айтылмай қалған жоқ. Қазақстандықтар осы логикаға сүйенсе, басқа сөздердің қалай болатынын ойлап таба бастады.

"Қыргүйек, газан, гараша, желтогсан, гаңтар, агпан"
"Егер осындай жаңа ережелер болса, онда Қазақстан емес, Газагстан боламыз ба?"
"Енді "көзді" – "гөз" деп ауыстырайық"

Threads желісіндегі жазбаның скриншоты
Кейбір қолданушылар тіпті дұрыс нұсқа ретінде "қыркүйек" сөзін көрсеткен нейрожелілердің жауабын да қоса бастады. Бірақ жасанды интеллектің жауаптары тілдік норманы белгілей алмайды.
Бұл талас бір жылдан бері жалғасып келеді
Айта кету керек, "қыркүйек" пен "қыргүйек" төңірегіндегі алғашқы дау-дамайлар 2018 жылы басталып, кейін 2021 және 2024 жылдары қайта көтерілген болатын. Атап айтқанда, ата-аналар сөздің мектеп материалдарындағы жазылуына назар аударған.
Бір қызығы, мұғалімдер балалардың "к" әрпін "г"-ге түзеп жатқанда, мемлекеттік органдардың өздері "қыркүйек" деп жазуды жалғастырып келеді.Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің ресми хабарламаларында бұл нұсқа тұрақты түрде кездеседі. Сонымен қатар ведомстволардың ресми Telegram-арналарынан "қыргүйек" сөзі жазылған бірде-бір хабарлама таба алмадық.
Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасынан скриншотҒылым және жоғары білім министрлігінің ресми Telegram-арнасынан скриншотСонымен, "қыркүйек" пе, әлде "қыргүйек" пе?
Мәселенің анық-қанығына жету үшін Tengrinews.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне сауал жолдады.
Ведомство нақты жауап берді: орфографиялық сөздікке сәйкес, "қыргүйек" деп жазу дұрыс.

"Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген (2013 жылы жарық көрген) орфографиялық сөздікке сәйкес, қазақ тілінде сентябрь айы "қыргүйек" деп жазылады", – деп хабарлады Тіл саясаты комитеті.

Бұл ретте комитет аталған сөздің жазылу нормасы әр жылдары өзгерді ме, жоқ па және бұл мәселеге қатысты тіл мамандары арасында келіспеушіліктер бар-жоғын нақтыламады.
"Бұлай жалғаса бермейді" - оқу-ағарту министрі ата-аналар чаттары туралы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России