Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

182 миллиондық “шексіздік тастары“ және Соболенко: әлемдегі ең қымбат зергерлік бұйымдар аталды

Арина Соболенко US Open турниріне Nike-тың жартылай мөлдір көйлегін киіп, 127 караттан аса түрлі түсті асыл тастары бар әшекейлер тағып шықты. Жиынтықтың құны 400 мың доллардан асады - бұл шамамен 182 миллион теңге. Желі қолданушылары теннисшінің бейнесін Таностың қолғабымен салыстырса, Соболенконың өзі бұл әшекейлер оның "тактикасының" бір бөлігі екенін мойындады. Tengri Life спортшының нақты не таққанын және әлемдегі ең қымбат асыл тастардың құны қанша екенін айтып береді.
Соболенко не тағып шықты?
Тамызда беларусь теннисші US Open турниріне Nike-тың жартылай мөлдір көйлегін киіп, америкалық Material Good зергерлік брендінің Silhouette Suite атты ірі әшекейлер жиынтығын тағып келді.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Material Good (@materialgood)


Page Six басылымы мәліметінше, жиынтыққа алқа, білезік және сырға кіреді. Барлық әшекей 18 караттық алтыннан жасалған, ал түрлі түсті асыл тастардың жалпы салмағы 127 караттан асады.
Тек алқаның өзіне жалпы салмағы 83,2 карат болатын тастар қолданылған. Олардың арасында сапфирлер, турмалиндер, гранаттар, циркондар және танзанит бар.
Жиынтық арнайы Соболенко үшін жасалған. Бұйымның сипаттамасында оны жасау кезінде Нью-Йорктің ашық түстері мен мәдени әртүрлілігінен шабыт алғандығы айтылған.
Material Good нақты бағасын жарияламады, алайда W Magazine жиынтықты 400 мың доллардан аса сомаға бағалайды - бұл шамамен 182 миллион теңге.
Желі қолданушыларының реакциясы
Аринаның бейнесі желіде қызу талқыланып, қолданушылардың пікірі екіге жарылды. Кейбіреулер батыл акценттерге тәнті болса, басқалары теннис кортында мұндай ірі әшекейлердің көптігі орынсыз деп санады.

"Оның мынадай әшекейлермен қалай ойнайтынын мүлдем түсінбеймін. Мен болсам бәрін бірден шешіп тастар едім - сақина да, білезік те маған кедергі жасайды".
"Аринаның биылғы таққан әшекейлерінің ішіндегі ең сәтсізі осы шығар. Дөрекі, тым бадырайған және Nike-тың мына бір оғаш киімімен мүлдем үйлеспейді. Ол, әрине, сұлу қыз - үстінде кешкі көйлек болса, әшекейлер ашылып кетер еді, ал мына жерде үйлеспейтін дүниелерді қоса салған. Талғамсыздық".

Скриншот: Threads
Кейбір қолданушылар спортшының бейнесін танымал Marvel әлеміндегі Таностың қолғабымен және шексіздік тастарымен салыстырды.
Сол жақта әшекей таққан Арина Соболенко, оң жақта - шексіздік тастары бар қолғап. Коллаж
Оған мұндай әшекей не үшін керек?
US Open-2024 турнирі кезінде берген сұхбаттарының бірінде Соболенко бұл әшекей жай ғана аксессуар емес, өзіндік тактика екенін айтты.

"Бұл - арнайы мен үшін әзірленген жиынтық. Ол турнирдің атмосферасын - жарқын, батыл, түрлі түсті сипатын толық жеткізеді. Маған өте ұнайды. Ал басты тактика - қарсыластардың назарын осы жарқыраған тастармен аудару. Жалпы, бұл маған өте ұнайтын винтаждық жиынтық", - деп мойындады ол.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Sport Core (@thesportcore)


Желіде спортшы мұндай жарқын бейнелер арқылы БАҚ пен жанкүйерлердің назарын өзінің қазіргі ойынынан әдейі басқа жаққа аударады деген қызықты теориялар пайда болды. Дегенмен үлкен спорт әлемінде бұл әдіс жаңалық емес.
Мәселен, футболдан Франция құрамасы оқу-жаттығу жиындарына келуді нағыз подиумға айналдырып, назарды матчтерден сән әлеміне аударып отырады. Ал танымал бразилиялық шабуылшы Роналдо ("Зубастик") 2002 жылғы әлем чемпионатының финалы алдында журналистер оның аяғындағы ауыр жарақатын емес, жаңа имиджін талқылауы үшін әдейі оғаш шаш үлгісін жасатқан болатын.

@dripfoot2 Drip equipe de france????????#fyp #viral #viralvideo #drip #vues ♬ One Dance - Drake

Әлемдегі ең қымбат әшекейлер
Соболенконың әшекейлері шамамен 400 мың долларға бағаланады - бұл шамамен 182 миллион теңге. Бұл ақшаға екі жүзге жуық жиналмалы iPhone, Алматыдан он шақты бір бөлмелі пәтер сатып алуға немесе жүз мың шыныаяқ кофе ішуге болады.
Бізді әлемдегі ең қымбат әшекейлер мен асыл тастардың құны қанша болатыны қызықтырды. James & Sons Fine Jewelers зергерлік желісінің мәліметінше, олардың құны жүздеген миллион долларға жетуі мүмкін.
The Hope Diamond (Хоуп гауһары)
"Хоуп" алмазының салмағы 45,52 карат және ол өзінің қанық көк түсімен танымал. Оның иелерінің арасында Франция королі Людовик XIV және америкалық ақсүйек Эвелин Уолш Маклин болған. Бұл алмазға қатысты қарғыс туралы аңыздар да бар.
Бүгінде ол Смитсон институтының Ұлттық табиғи тарих музейінде сақтаулы және 200–250 миллион долларға (шамамен 112,8 миллиард теңге) бағаланады.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

KEDR (@kedr_history) бөліскен жазба


Graff Diamonds ұсынған "Тауыс" брошы
Graff Diamonds брендінің "Тауыс" брошы - түрлі түсті гауһар тастарының молдығымен таңғалдырады. Оның ортасында салмағы 20,02 карат болатын алмұрт пішінді көгілдір гауһар орналасқан, ал оны қоршаған әртүрлі реңктегі түрлі түсті гауһарлар тауыс құйрығының бейнесін құрайды.
Броштың құны шамамен 100 миллион долларға (шамамен 45,1 миллиард теңге) бағаланып отыр.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

Nikhil Jain (@studiodharma1) бөліскен жазба


Виттельсбах-Графф алмазы
Көгілдір түсті Виттельсбах-Графф гауһарының салмағы 31,06 карат. Оның тарихы еуропалық корольдік әулеттермен тығыз байланысты.
Бастапқыда бұл асыл тас ғасырлар бойы ақсүйектер отбасылары арасында қолдан қолға өтіп келген. 2008 жылы тас 24,3 миллион долларға сатылды.
Қазіргі уақытта оның құны шамамен 80 миллион долларға (шамамен 36,1 миллиард теңге) бағаланады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России