Добавить новость
World News in Kazakh



Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Мемлекеттік саясат прогрессивті конституциялық қағидаттарды қоғамда орнықтыруға бағытталуға тиіс - Ерлан Қарин

Вице-президент Ерлан Қариннің төрағалығымен өткен Идеологиялық кеңестің отырысында ішкі саясат саласындағы басым міндеттер қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері және бейінді орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Міндеттердің бірінші блогы конституциялық құндылықтарды жүйелі түрде ілгерілету мәселелеріне арналды. Ерлан Қарин Ата заңда бекітілген құндылық бағдарлары Президенттің елді жан-жақты жаңғыртуға бағытталған стратегиялық реформаларының тұжырымдамалық өзегін құрайтынын атап өтті. Сондықтан мемлекеттік саясат прогрессивті конституциялық қағидаттарды қоғамда орнықтыруға бағытталуға тиіс. Бұл, ең алдымен, Заң және Тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, мәдениетті, білімді, ғылым мен инновацияны дамыту, қоршаған ортаға қамқорлық жасау, қоғамда еңбек культін, әлеуметтік оптимизмді, жауапты әрі жасампаз патриотизм идеясын орнықтыруды қамтиды.
Ерлан Қарин осы бағыттағы мемлекеттік аппарат жұмысының мазмұнын айқындайтын негізгі құжаттар Мемлекет басшысының тапсырмасымен қабылданған "Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы" Президент Жарлығы және Қазақстан Республикасының Конституциясын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары екенін жеткізді.
Міндеттердің екінші блогы жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру мәселелеріне қатысты болды. Ерлан Қарин бұл идеологиялық жұмыста қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениетіне дейінгі өмірдің барлық саласын қамтитын маңызды басымдық екенін мәлімдеді. Бөгде құндылықтар мен мінез-құлық нормаларын таңуға, қоғамдық өмірді ескілікке бұруға, тарихты мифке айналдыруға бағытталған әрекеттерге кешенді түрде қарсы тұру жеке міндет ретінде белгіленді.
Осы орайда, Ерлан Қарин "Заң және тәртіп" қағидатын, "Таза Қазақстан" жобасын және "Адал азамат" тәрбие бағдарламасын дәйекті жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар Президенттің "Таза Қазақстан" бастамасын кең ауқымда іске асырудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігі айтылды. Яғни бірыңғай цифрлық платформа құру, өңірлердің рейтингін жасау, тазалықтың ұлттық стандартын енгізу және Қазақстанды көгалдандырудың онлайн-картасын қалыптастыру ұсынылды.
Қазақстанның вице-президенті Ерлан Қарин. Фото: Ақорда баспасөз қызметі.
Міндеттердің үшінші блогы ішкі саясат саласындағы барлық стратегиялық құжаттарды, атап айтқанда, "Қазақстан балалары" тұжырымдамасын, Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту тұжырымдамасын, Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын және Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тұжырымдамасын сапалы орындау мәселелеріне арналды.
Сонымен қатар вице-президент Мемлекет басшысы бастамашылық еткен өзге де бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде "Оқитын ұлт" тұжырымдамасын және Этносаралық қатынастар мен қоғамдық келісімді дамытудың жаңа тұжырымдамасын уақтылы әзірлеу өзекті екеніне назар аударды.
Жалпы, Ерлан Қарин Мемлекет басшысының стратегиялық реформалар бағытын және Әділетті Қазақстанды құру жөніндегі ауқымды жұмысты сапалы ақпараттық-идеологиялық тұрғыдан сүйемелдеудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, барлық жалпыұлттық жобалар мен бастамалар елді жаппай жаңғыртудың тұтас жүйесіне кіріктірілуге тиіс.
Жиын соңында вице-президент мемлекеттік органдардың ішкі саяси жұмысында бақылауды, жүйелі тәсілді және жалпы үйлестіруді қамтамасыз ету қажеттігін тағы да еске салды.

"Ішкі саясат саласындағы жүйелеу жұмысын жалғастыру қажет – бірыңғай талаптарды, нақты регламенттер мен рәсімдерді бекіту керек. Қарқынды бәсеңдетуге немесе қол жеткізген нәтижелермен тоқтап қалуға болмайды, үнемі алға ұмтылу қажет. Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың сұранысына тиімді жауап беру, жасампаз күн тәртібі мен жаңа конституциялық құндылықтарды ілгерілету, Президент бастамаларының сапалы әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету", – деп түйіндеді Ерлан Қарин.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға ішкі саясат саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын практикалық тұрғыда іске асыру жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России