Дархан Сатыбалды Алматының Жетісу ауданына жаңа әкімді тағайындады
Алматыдағы Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Жетісу ауданының әкімі болып Құрасбек Сәдібеков тағайындалды.2025 жылғы мамырдан бастап Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін Сәдібеков Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.Құрасбек Сәдібековтің өмірбаяны
Ол 1989 жылы 28 желтоқсанда Астанада дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "саясаттану" мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Манчестер университетін (Ұлыбритания) "халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Шымкенттегі Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан бастаған.2013 жылдан 2017 жылға дейін Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде түрлі қызмет атқарды.2014-2017 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.2017 жылдан 2019 жылға дейін Парламент Сенаты депутатының көмекшісі болды.2019-2022 жылдары Ташкентте Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте болды.2022 жылғы қазаннан 2025 жылғы қаңтарға дейін Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.2025 жылғы қаңтар-мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы болып жұмыс істеді.
Дархан Сатыбалды бірінші орынбасарын тағайындады