Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды. Қазақстан Президентін Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев "аутрич"/"БРИКС+" форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Анықтама: БРИКС (BRICS) - экономикалық ынтымақтастықты нығайту, тәуелсіз қаржы саясатын жүргізу және "Жаһандық Оңтүстік" елдерінің мүдделерін ілгерілету үшін құрылған әлемдегі ірі дамушы экономикалардың мемлекетаралық бірлестігі.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының Нью-Дели әуежайына баруы мен қарсы алу сәтінен кадрлар жариялады.
Үндістан Үкіметінің ресми тұлғалары Президент Тоқаевты Нью-Дели әуежайында салтанатты түрде қарсы алды. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Үнді халқының биі. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Қазақстан Президентінің борты Нью-Дели әуежайына қонды. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Құрмет қарауылы. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі