Эфиопия премьер-министрі Тоқаевты Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады
Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауының табысты өтуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Ақордаға" сілтеме жасап.
Сонымен қатар, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.
"Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің институционалдық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орайда, Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елшілігімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз", – деді Эфиопия Үкіметінің басшысы.
Кездесу аяғында Мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Эфиопия премьер-министрімен кездесу өткізді.