Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Apple iPhone-ды танымастай өзгертті ме? iOS 27-де қандай жаңашылдық бар?

Apple 14 қыркүйекте iOS 27 нұсқасын шығарады. Бұл - Liquid Glass дизайны жаңарған, жүйе жұмысы жеделдетілген және Apple Intelligence жаңа функциялары қосылған iPhone-ға арналған ірі жаңарту. Дегенмен басты өзгеріс - Siri AI бірден пайда болмайды. iOS 27 қашан шығады, қандай iPhone-дар жаңартылады және не өзгеретіні туралы Tengri Life MacRumors-қа сілтеме жасап хабарлайды.iOS 27 қашан шығады?iOS 27-нің көпшілікке арналған релизі Тынық мұхиты уақытымен 14 қыркүйек сағат 10:00-ге (Астана уақытымен 20:00) жоспарланған. Жаңарту "Баптаулар" → "Негізгі" → "Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" бөлімінде пайда болады.
Apple әдетте жаңартуды кезең-кезеңімен таратады, сондықтан кейбір құрылғыларда ол бірден көрінбеуі мүмкін.iOS 27 жүйесі iPhone 11 және одан кейінгі модельдермен, соның ішінде екінші буындағы iPhone SE және одан жаңа нұсқаларымен үйлеседі.

Apple ертең iOS 27 нұсқасын мынадай жаңа функциялармен шығарады ???? pic.twitter.com/fYdYr5h5sj- Apple Hub (@theapplehub) 13 қыркүйек, 2026 жылҚандай iPhone-дарда iOS 27 болады?
Жаңартуды мына модельдердің иелері орната алады:

iPhone 18 Pro;iPhone 18 Pro Max;iPhone Duo;iPhone 17e;iPhone 17;iPhone 17 Pro;iPhone 17 Pro Max;iPhone Air;iPhone 16e;iPhone 16;iPhone 16 Plus;iPhone 16 Pro;iPhone 16 Pro Max;iPhone 15;iPhone 15 Plus;iPhone 15 Pro;iPhone 15 Pro Max;iPhone 14;iPhone 14 Plus;iPhone 14 Pro;iPhone 14 Pro Max;iPhone 13;iPhone 13 mini;iPhone 13 Pro;iPhone 13 Pro Max;iPhone 12;iPhone 12 mini;iPhone 12 Pro;iPhone 12 Pro Max;iPhone 11;iPhone 11 Pro;iPhone 11 Pro Max;iPhone SE (2-буын және одан жаңа).

Бұл ретте iOS 27-нің барлық функциясы ескі модельдерде қолжетімді болмайды.iOS 27-де не өзгереді?
Жетілдірілген Liquid GlassiOS 27-де Apple жүйенің алдыңғы нұсқасында пайда болған Liquid Glass дизайнын жетілдірді.
Компания мәтін мен батырмаларды басқа мазмұн фонында анығырақ көру үшін мөлдір элементтердің жұмысын өзгертті. Сондай-ақ белгішелер айқынырақ болып, қосымша тереңдікке ие болды.
Тағы бір өзгеріс - Liquid Glass мөлдір деңгейді өз бетінше өзгертуге мүмкіндік беретін жүгірткі пайда болды.

iOS 27 бүкіл әлем бойынша ертең іске қосылады pic.twitter.com/3HE9q8FUZd- Tech Brainiac (@TechBrainiac) 13 қыркүйек, 2026 жылӨнімділікті арттыру
Apple жаңа функцияларға ғана емес, өнімділікке де назар аударды.
Компания мәліметінше, үйлесімді құрылғыларда қосымшалар 30 пайызға дейін жылдам ашылады, "Фото" қосымшасындағы жаңа суреттер 70 пайызға дейін тезірек жүктеледі, ал AirDrop арқылы файлдарды тасымалдау 80 пайызға дейін жеделдеуі мүмкін.Өзгерістер жүйенің басқа да элементтеріне - анимациялар мен пернетақтадан бастап, Wi-Fi мен мобильді желі арасындағы ауысуға дейін әсер етті.iPhone HandoffiOS 27-де жаңа iPhone Handoff функциясы пайда болады. Ол бір телефон нөмірін екі iPhone-да қолдануға және олардың арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді.
Функцияның жұмыс істеуі үшін байланыс операторының қолдауы қажет. Кейбір операторлар бұл қызмет үшін қосымша ақы алуы мүмкін.iPhone Handoff қызметін алғашқы болып АҚШ-тағы T-Mobile және Германиядағы Deutsche Telekom ұсынады. T-Mobile бұл қызмет үшін айына 5 доллар алатын болады.
Сондай-ақ Apple Verizon мен британдық EE жыл аяғына дейін бұл функцияны қолдауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Кейін оларға басқа операторлар да қосылуы тиіс.

???? IMEI ТІРКЕУ МӘСЕЛЕСІ АЯҚТАЛДЫ!Мемлекеттің көңілі түсті:iOS 27-ге 'iPhone Handoff' функциясы келеді. Екі iPhone арасында бір телефон желісін қолдануға болады. pic.twitter.com/oQCbati6JH- KIYAS (@kiyashaber333) 4 қыркүйек, 2026 жыл
"Мені тап" функциясында орналасқан жерді жасыруiOS 27 нұсқасындағы "Мені тап" қосымшасында орналасқан жер туралы деректерге қолжетімділікті басқарудың көбірек мүмкіндігі пайда болады.
Геопозициямен қанша уақытқа бөлісуді таңдауға болады - мысалы, төрт күн және алты сағатқа. Сондай-ақ орналасқан жерге қолжетімділік автоматты түрде тоқтайтын нақты күні мен уақытын көрсетуге болады.
Бұдан бөлек, орналасқан жерді белгілі бір адамдардан күннің аяғына дейін уақытша жасыру мүмкіндігі пайда болады, бұл ретте оларға хабарландыру бармайды. Мысалы, бұл функцияны туған күнге білдіртпей тосынсый дайындау үшін пайдалануға болады.Қазіргі iOS 26 және одан бұрынғы нұсқаларда тек үш нұсқа бар: орналасқан жермен бір сағатқа, күннің аяғына дейін немесе шектеусіз бөлісу.
Siri AIiOS 27 нұсқасында Apple компаниясы Siri AI - Siri-дің жаңа, ақылдырақ нұсқасын таныстырды. Енді ол күрделі сұрақтарға жауап беріп, ChatGPT стилінде диалог жүргізе алады.
Сонымен қатар Siri AI iPhone-дағы ақпаратты пайдалана алады, экранда не бар екенін түсінеді және қолдау көрсетілетін қосымшаларда көбірек әрекет орындайды. Осының арқасында жауаптар пайдалырақ әрі дербес бола түседі.
Siri AI-ды жаңа Siri қосымшасы арқылы немесе үйреншікті әдіспен - iPhone-ның бүйірлік түймесін басып тұру арқылы іске қосуға болады.
Функцияның жұмыс істеуі үшін iPhone 15 Pro немесе одан жаңа модель қажет болады, өйткені Siri AI Apple Intelligence технологиясын қолданады.
Бастапқыда Siri AI тек ағылшын тілінде қолжетімді болады. Сондай-ақ сұраулар санына күндізгі шектеу қойылады. Болашақта Apple бөлек ақыға кеңейтілген қолжетімділікті ұсынуы мүмкін.

Ертең iOS 27-мен бірге жаңа Siri шығады!! ????Ескерту: жаңа Siri AI әлі бета-нұсқада болғандықтан, күту парағы болады. Оны бәрі көп күтпей-ақ сынап көре алады деп үміттенеміз.(Siri AI ЕО мен Қытайда қолжетімді болмайды) pic.twitter.com/QZnc9VZRRI- Jay’s Tech  (@jaydenstech) 13 қыркүйек, 2026 жылApple Intelligence қосымша функцияларыiOS 27-де Apple Intelligence негізіндегі басқа да функциялар пайда болады.
"Суреттер" қосымшасында "Кеңейту" және "Кадрды өзгерту" құралдары пайда болады. Image Playground-да шынайырақ кескіндер жасау мүмкін болады.
"Командалар" қосымшасында жаңа таңбашаларды сипаттама арқылы жасауға болады - не істегіңіз келетінін жазсаңыз жеткілікті.
Сондай-ақ HomeKit Secure Video камераларынан автоматты түрде жасалған видеосипаттамалар мен басқа да мүмкіндіктер қосылады.
CarPlay-дегі видеоқосымшалар
Сондай-ақ БҚ-ның жаңа нұсқасында көлік тұрақта тұрғанда және сіз рөлде болмаған кезде CarPlay арқылы видео қарау мүмкіндігі пайда болады.
Видеоны iPhone-нан көлік экранына AirPlay арқылы жіберуге болады. Ол үшін AirPlay қолдауы бар қосымшаны ашып, AirPlay мәзірінен көлік экранын таңдап, көруді бастау керек.
Сонымен қатар Apple әзірлеушілерге CarPlay үшін арнайы видеоқосымшалар жасауға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен видеоларды тікелей көлік экранынан тауып, көруге болады.
Функция CarPlay арқылы видео көруді қолдайтын көліктерде ғана жұмыс істейді.
Apple Cash арқылы шотты бөлуiOS 27-де Apple Cash және Apple Intelligence көмегімен шотты бірнеше адамға бөлуге көмектесетін жаңа функция пайда болады.
Функция Wallet және Messages қосымшаларында, сондай-ақ "Камера" қосымшасындағы жаңа Siri режимі арқылы қолжетімді болады.
Мысалы, iPhone-ды чектің үстіне апаруға болады. Siri сатып алынған заттарды танып, шотты бөлісуді ұсынады. Сіз қажетті тауарларды таңдай аласыз, ал жүйе салық пен шәйпұлды ескере отырып, сіздің бөлігіңізді өзі есептеп береді. Осыдан кейін қажетті соманы Apple Cash арқылы басқа адамға жіберуге болады.
Функция АҚШ-та пайда болады. Ол басқа елдерде қашан қолжетімді болатыны әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Apple компаниясы жаңа iPhone 18 Pro топтамасын таныстырды, енді жаңа флагмандар қазақстандықтар үшін қаншаға түсетіні белгілі болды. Хабарландыру сайттарында алдын ала тапсырыс беру туралы алғашқы ұсыныстар пайда болды - кейбір сатушылар смартфондарды шамамен 850 мың теңгеге бағалаған. Осыған байланысты, біз iPhone 18 Pro-ның Қазақстандағы құны қанша болатынын және сатылым басында баға неге соншалықты жоғары болуы мүмкін екенін анықтап көрдік.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России