Президент Тоқаев Сеулде Пан Ги Мунмен кездесті
Мемлекет басшысы дамушы елдердің "жасыл экономика" моделіне көшуіне қолдау білдіретін GGGI қызметінің маңызына тоқталды. Ол әлеуметтік тұрақтылықты, климат өзгерістеріне төзімділікті және экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Пан Ги Мун Қазақстанның орнықты даму саласындағы табыстарын құптап, дүниежүзілік климат күн тәртібі аясында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау және оны қазіргі заман талабына бейімдеу туралы пікір алмасты.
“Шынайы құрметтің белгісі“ - Тоқаев Сеулде бірқатар азаматты марапаттады
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. 14 қыркүйекте Сеулде Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлері салтанатты түрде марапатталды. Қазақстан Президенті қазақ пен корей ежелден достас халықтар екеніне назар аударды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ (@ptrk.kz)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!