Добавить новость
World News in Kazakh

Новости сегодня на DirectAdvert

Новости сегодня от Adwile

Бельгиялықтар королі Астанада: үш мәрте ханзада, алғаш рет король ретінде

Филипп - Бельгия королі емес, ресми түрде бельгиялықтардың королі. Бұл лауазым 1831 жылы ел жаңадан құрылған кезде монарх аумаққа емес, халыққа жақын болсын деген ниетпен осылай аталған. Бельгияда үш мемлекеттік тіл бар, сондықтан бұл лауазымның да бірден үш нұсқасы бар: Koning der Belgen, Roi des Belges, König der Belgier.
Филипп тақ мұрагері мәртебесінде Қазақстанға үш рет келген, оның ішінде екі рет бір бельгиялық үшін ат басын бұрған. 2002 жылы ол Халықаралық ғарыш станциясынан оралған астронавт Франк Де Виннені қазақ даласында қарсы алды. Жеті жылдан кейін оны Байқоңырдан жаңа сапарға шығарып салды.
Тақ мұрагері Филипп Байқоңырдағы ұшу алаңында, 2009 жыл. Мұрағаттық фотоны Ақорданың баспасөз қызметі ұсынды
Бұл жолы Филипп король ретінде, жұбайы Матильда ханыммен және 110 адамнан тұратын делегациямен бірге келді. Корольдік жұпты әуеде қарсы алу шаралары басталып кетті. Шекараға таянғанда ұшақты қазақстандық жойғыш ұшақтар бастап жүрді. Бельгиялықтардың королі бұл жолы Қазақстанға қандай мақсатпен келгенін Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.
Корольдік рейс
Бельгиялықтардың королі мен ханымы 11 қазан күні кешкісін Астанаға қонды. Бұған дейін Қазақстан Бельгия монархтарын мемлекеттік сапармен қабылдамаған болатын.
Бельгиялықтардың жеке әуе компаниясы бар, айналасында еуропалық тасымалдаушылар да жеткілікті, бірақ Астанаға ұшу үшін қазақстандық ұшақ жалдаған. Корольмен бірге келген делегацияның құрамы өте ауқымды: федералдық мобильділік министрі, Фландрия үкіметінің министрі, Брюссель мен Валлония үкіметтерінің басшылары, жиырмадан аса компания жетекшілері мен университет ректорлары бар.
Бельгиялықтардың королі мен ханымы Астана әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастауымен. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Әуежайда меймандарды Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қарсы алды. Король бұл ілтипатты жоғары бағалады.

- Ұшақтан түскен бойда, табалдырықтан бастап көрсеткен жылы қабылдауыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Қазақстан Президенті меймандармен әуежайда әңгімелесті. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Бес тіл
Бельгиялықтардың королі мен ханымының мемлекеттік сапарының негізгі рәсімдері 12 қазанда Ақордада өтті. Салтанатты сапқа тұру рәсіміне қонақтар тарапынан 12 адам қатысты. Олардың арасында ерлер мен әйелдер саны тең болды.
Келіссөздерде Бельгияның федералдық үкіметі атынан Жан-Люк Крюке (фотода сол жақ шетте) қатысты. Оның лауазымы ресми түрде "Мобильділік, климат, экологиялық ауысу және тұрақты даму мәселелері жөніндегі федералдық министр" деп аталады.
Бельгиядан келген делегация. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Салтанатты рәсімде Қазақстан делегациясынан 10 адам болды. Олардың жағаларына Қазақстан мен Бельгияның тулары бейнеленген төсбелгілер тағылған.
Қазақстан делегациясы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Бельгиялық баспасөз делегациясы, ресми фотографтар мен операторлардың саны 15-тен асты, бәлкім одан да көп болуы мүмкін. Қазақстандықтардың кейбірі француз және ағылшын тілдерінде сөйлесті. Бір сәтте айналадағы сөздер араласып кетіп, сана тек тілдерді санай бастады. Қазақ, орыс, ағылшын, француз және фламанд тілдері - барлығы бесеу болды.
Анықтама: Тұрмыста фламанд тілі деп Бельгияның солтүстігіндегі Фландрияда сөйлейтін нидерланд тілін атайды. Оңтүстіктегі Валлонияда француз тілінде сөйлейді. Брюссель ресми түрде қос тілді, ал елдің шығысында неміс тілді қауымдастық тұрады.
Корольдік түс
Ақорданың кіреберісінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен ханымы Матильданы қарсы алды. Олар сарайға бірден кірмей, қала аспанында екі елдің туын желбіретіп ұшып өткен тікұшақтарды бір сәт тамашалап тұрды.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Содан кейін король мен ханым Қазақстан делегациясымен танысуға беттеді. Алда Филипп, сәл артта Матильда жүрді.
Залдағы барлық дерлік заттар не ақ, не қою түсті болатын: бағаналардың мәрмәр тасы, ресми костюмдер. Матильда ханым белбеуі бар ашық қызыл түсті пальто мен кең жиекті қызыл қалпақ киген. Ол бір қолғабын шешіп, сөмкесімен бірге сол қолына ұстап алған.
Король мен ханым нағыз монархтарға тән кейіпте болды. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Әнұрандар шырқалып, құрмет қарауылын айналып өткеннен кейін Президент, король және ханым келіссөздер залына өтті. Әңгіме ағылшын тілінде өрбіді.
- Сізді Астанада қарсы алғаныма қуаныштымын. Бұл – мен үшін зор мәртебе. Тарихи сапарыңыз жұртшылықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Қазақстанға келген делегация құрамына Үкімет пен аймақтық билік, іскерлік топтар, академиялық қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері енген. Сіз Тақ мұрагері ретінде Қазақстанға үш мәрте келген едіңіз. Елімізбен қарым-қатынасты дамыту жөніндегі ниетіңізді жоғары бағалаймыз. Сіздің қолдауыңызды әрдайым сезінеміз, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Президент Бельгияны Еуропадағы сенімді серіктес деп атап, Қазақстан үшін оның тәжірибесі мен үлгісін ескеру маңызды екенін жеткізді.
Король Бельгия Қазақстанды да, бүкіл аймақты да жақсы білетінін айтты.

- Қазақстан – біз үшін қарқынды дамып келе жатқан өте маңызды ел. Жалпы, Бельгия тұтас Орталық Азия өңіріне айрықша қызығушылықпен қарайды. Бұл өңірдің мәні зор. Менімен бірге үлкен делегация келді. Әлбетте, біз бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Елдеріміз 35 жыл ішінде жақсы қарым-қатынас орнатты. Біз осы тарихи межені бірге атап өтуге ниеттіміз. Сонымен қатар ынтымақтастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеретінімізге сенімдімін. Менімен бірге келген делегация құрамына келешекке бағдарланған түрлі саланың өкілдері кірді, – деді король.

Соңында ол Президентке тікелей лебізін білдірді.
- Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсеткеніңізді жоғары бағалаймыз, – деді Филипп.
40 құжат, 40 картина
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер басталмас бұрын делегация мүшелері өз орындарында түрегеп тұрды. Үстел үстіне микрофондар, су мен гүлдер қойылған.
Бельгия делегациясы. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Мен Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенкомен сөйлесіп, сапардың неге дәл қазір ұйымдастырылғанын сұрадым.
Тоқаев пен Филипп Брюссельде 2021 жылдың қарашасында кездескен болатын. Елшінің айтуынша, сол кездегі әңгіме корольдің есінде қалғаны сонша, ол кейін Василенкомен жүздескенде бұл туралы бірнеше мәрте айтқан.

- Менің корольмен бұл тақырыпты бірнеше рет талқылауға мүмкіндігім болды. Сенім грамоталарын тапсыру кезінде де, басқа да іс-шараларда да. Ол мені көрген сайын: "Президентіңізге ең жылы лебізімді жеткізіңіз. Мен міндетті түрде барамын. Осы қарым-қатынасты жалғастырғым келеді", - дейтін. Міне, келді.

Василенконың айтуынша, еуропалық монархтар тәуелсіз Қазақстанға бұған дейін де келген, бірақ жұмыс сапарларымен ғана. Мысалы, Испания королі ЭКСПО көрмесіне қатысты. Ал қазіргі еуропалық монархтың мемлекеттік сапармен келуі - алғаш рет.
Сапар барысында 40-қа жуық құжатқа қол қою жоспарланды, оның 20-дан астамы жоғары білім мен ғылым саласына қатысты.
Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі, Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі, ЕО мен НАТО жанындағы өкілдіктің басшысы Роман Василенко (шеткі сол жақта) бельгиялық және қазақстандық әріптестерімен бірге. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Коммерциялық келісімдер негізінен логистика мен ауыл шаруашылығына бағытталған: қазақстандық зығырды жеткізу, бельгиялық өңдеу жабдықтары және сол жабдықтарды бірлесіп өндіру. Сондай-ақ Қазақстан премьер-министрінің қатысуымен өтетін маңызды шикізат бойынша семинар бельгиялықтардың бастамасымен ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен өндірісінде олардың компаниялары жоқ, бірақ елшінің айтуынша, қызығушылық жоғары.
- Технологиямен бөлісуге дайын ба? - деп сұрадым мен.
- Өзара тиімді шарттар негізінде.
Сонымен қатар бельгиялықтар Астанаға ең танымал бельгиялық суретшілердің бірі Джеймс Энсордың 40 картинасын ала келді. Жеке коллекциядан жиналған көрме 13 қазанда Ұлттық музейде ашылып, үш айға созылады.
Корольдік құрам
Барлығы орындарына жайғасқанда, құрамның шынымен де кеңейтілгені байқалды. Делегация мүшелері ұзын үстелдің екі жағын жалаулардан бастап телекамераларға дейін толық толтырды.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Залда журналистер де көп болды. Бір бельгиялық фотограф ыңғайлы ракурс іздеп жүріп, көлік министрі Нұрлан Сауранбаевтың қасына - қазақстандық делегацияның қақ ортасына келіп қалды.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Еуропадағы сенімді серіктес және Қазақстан экономикасына инвестиция құюшы ең ірі он елдің бірі деп атады. Ол ынтымақтастық әлеуетін көлік және логистика, маңызды минералдар, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және жасанды интеллект салаларынан көреді. Бұл бағыттар 13 қазанда Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында егжей-тегжейлі талқыланады.
Королева Матильдаға да ілтипат көрсетілді: Президент оның балаларды қорғау және білім беру саласындағы еңбегін атап өтті.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Корольге жеке тоқталды.
- Сіздің өз халқыңызға адалдығыңыз бен Бельгияның түрлі қауымдастықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы қажымас қайратыңыз тақ иесінің біріктіруші рөлін айқын көрсетеді. Біз де әртүрліліктегі бірлікке үлкен мән береміз және әрбір азаматтың өзін ортақ болашағымыздың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ұмтыламыз, - деді Президент.
Король бельгиялықтардың мұнда немен танысуға ниетті екенін айтты.
- Осында болған кезде танысуды жоспарлап отырған бағыттарымыз елдеріміз үшін өте маңызды: бұл - жасанды интеллект, энергетика, соның ішінде атом энергетикасы, - деді Филипп.
Ресми іс-шаралар арасында король мен королева Ақорданың терезесіне жақындады. Ол жерден Астананың басты бульвары мен Бәйтерек анық көрінеді. Филипп Астананы соңғы рет 16 жыл бұрын көрген болатын.
Корольдік жұп Ақорда терезесінен Астанаға қарап тұр. Ақорда баспасөз қызметінің фотосы
Корольдік сәйкестік
Келіссөздерден кейін Президент пен Король журналистер алдына шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев сапардың басты көрсеткішінен бастады: 2005 жылдан бері Бельгия Қазақстан экономикасына 15 миллиард доллардан аса қаржы салған. 
Фотографтар делегациялардың креслолары арасында: бірі отырып, бірі жартылай иіліп, енді бірі түрегеп тұрып жұмыс істеді. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Тараптар белсенді жұмыс істеуге уағдаласқан бағыттардың ішінде ғарыш технологиялары да бар. Президент келісімдердің орындалуын жеке бақылауында ұстауға уәде берді.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Тоқаев бельгиялықтарға бұл ілтипаты үшін алғыс айтты. Тура сол сәтте Брюссельдің басты алаңы Гран-Плас-та, қалалық ратуша алдында Қазақстанның мемлекеттік туы алғаш рет көтеріліп жатқан болатын. Президент Бельгияның "L’union fait la force", яғни "Бірлікте күш" деген ұранын қазақтың "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген мақалымен салыстырып, қонақтар үшін француз тіліне "Là où il y a de l’unité, il y a de la prospérité" деп аударып берді.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Король Президенттің оны Брюссельде қалай шақырғанын еске алды: оның айтуынша, шақыруды қабылдауға қатысты ешқандай күмән болмаған. Сондай-ақ ол бұл сапардың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңына тұспа-тұс келгенін атап өтті.
Сөзінің соңында Король екі рет қазақша сөйледі. Алдымен бір ауыз сөзбен: оның айтуынша, Қазақстан меймандостықтың, яғни қонақжайлылықтың символы. Содан кейін тұтас бір тілек айтты.
- Шаңырағыңыз биік болсын! Мен бұл сөзді дұрыс айттым деп ойлаймын. Қазақстанға мемлекеттік сапарымыздың мәнін аталған тілек толығымен ашады. Отбасы бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығын, ырыс пен несібені, бейбіт өмір мен жылы ұяны осы бірауыз сөзге сыйдыруға болады, - деді Филипп.
Қазақша тілекті Король төбесінде алтын шаңырағы бар аспан түстес көгілдір күмбез астында тұрып айтты.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Бельгиялық делегацияға бұл сәйкестікті кейін аударып түсіндіруге тура келді. Содан соң олар төбеге қарады.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Келіссөздер қорытындысы бойынша 19 тармақтан тұратын Бірлескен мәлімдеме қабылданды. Онда Транскаспий бағыты мен аса маңызды минералдар, жасанды интеллект пен суперкомпьютерлер, ауыл шаруашылығы және 1972 жылғы Биологиялық қару туралы конвенция қамтылған.
Ақордадан кейін Король мен Корольдік жұп бұған дейін терезеден тамашалаған Бәйтерекке бет алды. Гүлзарда суретке түсу үшін тоқтады. Король жұбайын қолтықтап алды.
Бельгия королі мен королевасы Астанадағы Нұржол желекжолында. Фото: Koninklijk Paleis/Palais royal
Аудармасыз
Содан кейін қонақтар Президентпен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды. Бұл уақытқа қарай Королева қызыл пальтосы мен кең жиекті қалпағын жакетке ауыстырып үлгерді. Король киімін өзгертпеді.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Мұнда Королева Матильда өзіне таныс ортаға тап болғандай көрінді. Ол балалармен, ата-аналармен және орталық мамандарымен ұзақ сөйлесіп, сабақтар жайында сұрастырды, интерактивті бағдарламаға өзі де араласты. Ханшайым болғанға дейін ол төрт жыл бойы логопед болып жұмыс істеген.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Матильда өз өмірін осы іске арнаған дәрігерлерге алғыс айтып, әр баламен тілдесті және жүзінен күлкі кетпеді.
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшманов
Король де балалармен сөйлесіп, үнемі жұбайының қасында болды.
Қасым-Жомарт Тоқаев балалармен қол алысып, кейбірінің басынан сипады. Ара-арасында Денсаулық сақтау министрінен жұмыс барысын сұрап отырды.
Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Аудармашылар мұнда да болды. Олардың жұмысы күні бойғымен салыстырғанда аз болғандай көрінді.
Авторы: Айсұлтан Құлшыманов
Аударған: Нұрила Ермекбай

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.


Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media









103news.com — быстрее, чем Я..., самые свежие и актуальные новости Вашего города — каждый день, каждый час с ежеминутным обновлением! Мгновенная публикация на языке оригинала, без модерации и без купюр в разделе Пользователи сайта 103news.com.

Как добавить свои новости в наши трансляции? Очень просто. Достаточно отправить заявку на наш электронный адрес mail@29ru.net с указанием адреса Вашей ленты новостей в формате RSS или подать заявку на включение Вашего сайта в наш каталог через форму. После модерации заявки в течении 24 часов Ваша лента новостей начнёт транслироваться в разделе Вашего города. Все новости в нашей ленте новостей отсортированы поминутно по времени публикации, которое указано напротив каждой новости справа также как и прямая ссылка на источник информации. Если у Вас есть интересные фото Вашего города или других населённых пунктов Вашего региона мы также готовы опубликовать их в разделе Вашего города в нашем каталоге региональных сайтов, который на сегодняшний день является самым большим региональным ресурсом, охватывающим все города не только России и Украины, но ещё и Белоруссии и Абхазии. Прислать фото можно здесь. Оперативно разместить свою новость в Вашем городе можно самостоятельно через форму.

Другие популярные новости дня сегодня


Новости 24/7 Все города России



Топ 10 новостей последнего часа



Rss.plus


Новости России







Rss.plus
Moscow.media


103news.com — международная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России