Қызылорда облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
![Қызылорда облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20160512204547.jpg)
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 6 мамыр күні Қызылорда облысының ТЖД жедел кезекшісінен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің кезекшісіне Қызылорда - Жезқазған трассасына киіктің мүйізін іздеуге шыққан Қалжан Ахун ауылының 5 тұрғыны жоғалып кеткені жөнінде хабар түсті. Жасақ құтқарушылары осы хабар түскен бойда іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.