Министрлер шетелдік сапарларға шыға алмайды - Апталық шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада жаңадан бекітілген Үкімет құрамы жұмысын бастап, Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындауға кірісіп кетті. Атап айтқанда, Елбасы Үкіметтегі және бірқатар мемлекеттік органдардағы жаңа тағайындаулар мен құрылымдық өзгерістерге түсініктеме бере отырып, олардың қазіргі сын-қатерлерді лайықты еңсеру қажеттілігінен туындағанын жеткізді.