Дала заңдары
Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген. Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады.