Атырауда жапон суретшісінің көрмесі ашылды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Кеше жапон суретшісі Томоко Хоукёнің Атыраудағы Renaissance қонақүйінде жеке көрмесі ашылды. Ол бұдан екі жыл бұрын Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті музейінде «Жапон сұлулық әлемі» атты алғашқы сурет көрмесін өткізген болатын.