Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.