Универсиадаға байланысты Шымбұлақ 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 қаңтар мен 8 ақпан аралығында спорттық шараларға дайындық жүргізу мен Универсиаданы өткізуге байланысты «Шымбұлақ» демалыс аймағы қалың көпшілік үшін жабық болады. Бұл туралы «Шымбұлақтың» әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтынан мәлім болды.