Ақтөбеде бір күнде 40 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында жәрмеңкеге тек мүмкіндігі шектеулі адамдар шақырылды. Бір күнде барлығы 40 мүгедек жұмысқа орналасты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.