2017 жылдан мектепке дейінгі даярлық сыныптары жаңартылған бағдарлама бойынша оқытылады
2017 жылдан бастап мектепке дейінгі даярлық сыныбында жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту қанатқақты режімде енгізіледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті.