Солақайлар туралы не білеміз?
Солақайлар - барлық әрекетті, жұмысты сол қолмен атқаратын адамдар тобы.
Солақайлар - сол қолмен барлық әрекетті, жұмысты орындайтын адамдар тобы. Әлемде солақайлар 10% - ы құрайды. Бұл туа біткен қабілет. Ұрпақтан - ұрпаққа да берілетін қасиеті бар. Сол қолмен жазатын ерекше қарым иелерінің ерекшеліктері қандай?
Сол қолмен жазатын, сызатын адамдардың оң жартышар миы белсенді жұмыс жасайды. Оң жартышар миы адамның креативті ойлауына, шығармашылыққа жақын болуға , өнерге бейімді болуына қатысады. Міне , содан болар солақайлар ерекше дарынды , өнерге жаны құмар, қиял-ғажайыпқа ерік беретіні. Сонымен қатар, архитектура, математика салаларына да бейімдіктері байқалады. Атақты ойшыл - ғалымдар, өнер иелері солақайлардың қатарынан шыққан. Мысалы үшін, қазақ халқының халық әртісі, дирижер ,...