Әлемнің жеті кереметі
«ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ» - әлемге әйгілі болған ертедегі ғимараттар мен тас мүсіндердің атауы. «Әлемнің жеті кереметі» болып саналатындар: 1) Египеттегі Хеопс, Хефрен, Микерин пирамидалар ансамблі (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), 2) Вавилондағы «аспалы Семирамида бақтары» (Навуходоносор сарайының жанында), 3) Эфестегі Артемида бақтары (б. з. б. 6 ғасыр), 4) Олимпиядағы атақты мүсінші Фидийдің еңбегі - Зевстің тас мүсіні, 5) Галикарнас мавзолейі (б. з. б. 350 жыл), 6) Родос аралындағы күн құдайы Гелиостың тас мүсіні «Колосс Родосский», 7) Александрия маягы (б. з. б. 3 ғасыр).
«Әлемнің жеті кереметі» деген тіркесті жиі естісек те көбіміз ол кереметтерге не жататынын біле бермейміз. Деректерге сүйенсек, адамзат салған ерекше құрылыс нысандарын топтастырып, олардың үздіктерін бөлектеу көне Грекиядан бастау алады. Тарихшылар адам баласы салған кереметтер саны шын мәнінде одан көп дей келе, жеті саны ежелгі грек мифологиясында қасиетті сан саналғандықтан таңдалғанын айтады. Әлемнің жеті кереметі туралы алғашқы мәліметтер элленизм дәуірі авторларының шығармаларында кезігеді. Тіпті, Мысырдан табылған папирустардың бірінде оқушыларға жеті кереметті жаттау міндеттелетіні жазылған. Айта кетерлігі, тізім уақыт өткен сайын өзгеріп отырған. Оған Жер бетіндегі түрлі тарихи оқиғалар әсер еткен. Қазіргі күні көпшілікке таралған жеті кереметтің тізімі Ескендір Зұлқарнайын құрған...