«Менің арманымдағы мамандық»
Мамандық таңдау - өмірдегі маңызды таңдаулардың бірі.
Мамандық таңдау - адам өміріндегі ең маңызды және батыл қадамдардың бірі болып табылады. Әр адам өзінің қабілеттеріне қарай мамандық таңдауы қажет. Өміріміздің бұл кезеңдеріне үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Ата-бабамыз өмірде жар таңдаудан және мамандық таңдаудан шатаспау керектігін тегін айтпаған екен. Болашақ мамандықты әр адам өзінің жүрегінің қалауы бойынша таңдағаны жөн. Себебі, келешекте мықты маман иесі болу үшін таңдаудан қателеспеу керек. Қадамын шалыс баспай, өзіне ұнайтын мамандықты таңдаған адам суда еркін жүзетін балық секілді. Әлбетте бұл өмірде барлығы оңай беріле бермейді. Сондықтан әр адам өз арманы үшін күресіп, алдыға қойған мақсаттарына жете білуі керек.
Менің бала арманым халық үшін сіңіретін...