Адамның айналысатын хоббиі оның мінезінен хабар береді ме?
Бұл мақаланы өзінің тұрақты айналысып жүрген хоббиі бар оқырмандарға оқуға кеңес беремін.
Әрбір адамда өзінің айналысатын сүйікті ісі яғни хоббиі болады.
Хоббимен кез келген адам айналыса алады. Себебі сүйікті іспен айналысу
арқылы миымыз тынығып, бос уақытымыз қызықты өтеді.
Сарапшылардың айтуы бойынша хоббидің темперамент түріне тікелей
байланысы бар. Досыныздың, әріптесіңіздің немесе таныстарыныздың
хоббиін зерттей отырып, оның мінезінің қандай екенін түсінуге болады.
Өзініздің сүйікті ісіңізді жасай отырып, сіз демалу арқылы жаңа күш
аласыз. Сәйкесінше сіздің көңіл-күйіңіз бен мінез-құлқыныз тікелей
өзгереді.
Спорт
Бос уақытында спортпен шұғылданатын адамдардың мінезі салмақты
және төзімді болып келеді. Ондай адамдар жаңа таныстықтан
қорықпайды. Хоббиі спорт болатын адамдарда уақыт аз болады.
Сондықтан олар жиі бір жерге асығады да жүреді. Олар аздап...