Сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялардың атауы
Сөзбен айтып жеткізу қиын эмоциялардың атауы, Эмоция атаулары Джон Кениг есімді графикалық дизайнер және редактор өмірінің жеті жылын ойдан шығарған сөздерден тұратын сөздік құрастыруға жұмсаған. Ол сол сөздер арқылы түсіндіруге келмейтін эмоцияларға атау берген.
"Қысқа күнде қырық құбыламын" — дейді Қожанасыр. Сол секілді кім-кім де бір-ақ күннің ішінде неше түрлі сезім кешіп жатады. Біреуін түсіндіре алса, екіншісінің ғылыми атауы барын да білмейді. Джон Кениг есімді графикалық дизайнер және редактор өмірінің жеті жылын ойдан шығарған сөздерден тұратын сөздік құрастыруға жұмсаған. Ол сол сөздер арқылы түсіндіруге келмейтін эмоцияларға атау берген.
Сондер
Өмірдегі кез келген адамның өмірі сіздікіндей бірде жарқын, бірде қиындыққа толы, өзіне тән тірлігі мен қорқынышы барын ұғу сезімі сондер деп аталады.
Монакопсис
Өзіңіздің дұрыс жолда, өз орныңызда емес екендігіңізді сезу.
Рубатосис
Өз жүрек соғысын тыңдап отырып мазасыздануды рубатосис деп атайды.
Кенопсиа
Бір кездері адамға...