Әке туралы өлеңдер
Әке туралы өлеңдер, Әкеге арналған өлеңдер. Әкелер үшін туған күнінде ұл-қызынан жылы лебіз есту керемет тосынсый болатыны анық. Әкеңізді қандай сөздермен ерекше құттықтауға болады? Жүректен шыққан әр сөз жүрекке жетеді. Ал біз ұсынған құттықтаулар бір кәдеңізге жарайды деген сенімдеміз.
Әкелер үшін туған күнінде ұл-қызынан жылы лебіз есту керемет тосынсый болатыны анық. Әкеңізді қандай сөздермен ерекше құттықтауға болады? Жүректен шыққан әр сөз жүрекке жетеді. Ал біз ұсынған құттықтаулар бір кәдеңізге жарайды деген сенімдеміз.
Әке туралы жыр
Жас едім өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған.
Шарықтап кетсем де алыс қанат қағып,
Өзіңдей қамқор адам қайда маған?!
Сүрінсем сынай қарап от жанарың,
Сен мені жақтамадың, ақтамадың.
Әрдайым осы қатал мінезіңнен
Күш алып мақсатыма аттанамын.
Жан әке, шертіп сезім домбырасын,
Кеудемді қуанышқа толтырасың.
Арманның аспанына құлаш ұрсам,
Арқамда асқар тау боп сен тұрасың.
Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,
Кім мөлдір...