Мағжан Жұмабаевтың ең танымал өлеңдері
Алаш арысы Мағжан Жұмабаев Шекспир, Пушкин, Соловьевтен бастап символизммен, технократиямен және Шпенглермен аяқталатын жалпы адамзаттық көркем және ғылыми мұраларға зейін қойып, қолға алған ақын. Біздің заманымызда кең таралған өмірлік мотивтер оның шығармаларында айқын көрініс тапқан. Көпжылдық үнсіздіктен кейін Мағжан Жұмабаев халыққа қайтадан ашылды.
М. Жұмабаев поэзиялық туындылары арқылы қазақ лирикасы мен эпикалық жанрын өзге жарық та жарқын жолға салған əдеби мұра болып табылады. Мағжанның қазақ əдебиетін дамытудағы еңбегіне жəне əдебиетті өрісін кеңейткен жаңашылдығына осы тұрғыдан қараған жөн. Кезінде мағжантанудың алғашқы кірпішін қалаған Жүсіпбек Аймауытов бұл туралы: «Қазақ əдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, сөзге жан бітірді, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тілді ұстартты», — деп ақын ұстанымының көркемдік болмысын тап басып таныған болатын.
Көрнекті қазақ жазушысы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына тоқталып, оның бірнеше өлеңдерін...