Үндістер мекені
Эрнест Хемингуэйдің әңгімесі - Үндістер мекені. (Эрнест Хемингуэйдің әңгімесі, аударған Салауат Кәрім) Көл жағаcында бөтен қайық байлаулы тұр. Қайық жанында екі үндіс күтіп тұр.
(Эрнест Хемингуэйдің әңгімесі, аударған Салауат Кәрім)
Көл жағаcында бөтен қайық байлаулы тұр. Қайық жанында екі үндіс күтіп тұр.
Ник әкесі екеуі қайықтың артқы жағына барып отырды, үндістер қайықты суға итеріп, біреуі ескекті алып есе бастады. Джордж ағай басқа қайықтың артына барып жайғасты. Жас үндіс қайықты суға итеріп, ескекке отырды.
Екі қайық қараңғыда жағадан жүзіп кетті. Алдарында жүзіп кеткен қайық ескегінің сықыры Никке алыстан, тұман ішінен естілді. Үндістер қайықты қысқа, бірақ тез есті. Ник басын әкесіне қисайтты, әкесі ұлын құшақтап, бауырына басты. Көл суы салқын еді. Үндістер бар күшін салып ескенмен, тұманның құшағына еніп кеткен екінші қайық оларға жеткізбеді.
- Әке,...