"Рахмет" сөзін өзге тілдерде қалай айтады?
Бүгін назарға "рахмет" сөзінің бірнеше тілдегі аудармасын ұсынамыз. Өйткені, алғыс айта білу адамдарды байланыстырып, бір-біріне жақын ете түседі.
Араб тілінен енген ﺭﺣﻣﺔ(рахмет) сөзі қазіргі кезде түрліше таңбаланып жүр: Р.Сыздық «Қазақ тілінің анықтағышында» (Астана, 2000) рахмет түрінде берілсе, 2013 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» рақмет түрінде таңбаланған. Қазақ тілінде дыбыстардың тіркесімділігін белгілі бір заңдылыққа бағынады. Осы тұрғыдан алғанда, қ дыбысынан кейін м дыбысы келе алмайды. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы мақалаларының соңында атын Ахмет не Ақымет (Емле туралы // Еңбекші қазақ. 1929, 27 март; «Қазақстан» мен «Қазағыстан» туралы //Еңбекші қазақ. 1925, 19 май; Жоқшыға дерек //«Еңбекші қазақ».1925. 14 декабрь; Сәбитке жауап // Еңбекші қазақ. 1928, 26 январь т.с.с.) түрінде көрсеткен. Сол кезеңде басқа қайраткерлер де осылайша таңбалаған: Ақымет...