Көктем лебі
О. Генридің новелласы Көктем лебі Ауылдың енжар тұрғыны жазғытұрымның жақындағанын сезе бастағанға дейін-ақ, қала тұрғыны көкке оранған ханымның өз тағына оралып жайғасқанын нақты біліп тұрады. Ол төрт қабырғасында таңғы асын жей отырып, газет бетін ашады да, журналистердің жайнаған мәтіндерін шолып шығады. Иә, бұрындары көктемнің белгілерін өз сезімдеріміз айқындап жатса, қазіргі кезде бұны Ассошиэйтед Пресс агенттігі талдап жүреді.
(О. Генридің новелласы, аударған Ерден Еркебекұлы Қарсыбеков)
Ауылдың енжар тұрғыны жазғытұрымның жақындағанын сезе бастағанға дейін-ақ, қала тұрғыны көкке оранған ханымның өз тағына оралып жайғасқанын нақты біліп тұрады. Ол төрт қабырғасында таңғы асын жей отырып, газет бетін ашады да, журналистердің жайнаған мәтіндерін шолып шығады. Иә, бұрындары көктемнің белгілерін өз сезімдеріміз айқындап жатса, қазіргі кезде бұны Ассошиэйтед Пресс агенттігі талдап жүреді.
Хакенсактағы алғашқы таңшымшық құсының сайрағаны, Беннингтондағы үйеңкі ағаштары шырынының толқуы, Сиракуздағы Бас көшені бойлай өскен қызылталдардың ақ мамықты бұршақтары, Блю-Пойнттен шыққан аққу әні, Сент-Луиске соққан жылдағы торнадо, Помптон бойынша өрік өнімінің пессимистік көрсеткіштері, жабайы болған және қолға үйретілген ақсақ қаздың Билджуотердегі...