Мерседес атауының тарихы
Адриана Мануэла Рамона Еллинек Австриада 1889 ж еврей отбасында дүниеге келді. Оны үйде Мерседес деп атайтын. Испан тілінен аударғанда «мейірім, рақым» ал, латын тілінен «сыйлық, мейірімділік» деген мағынаны береді екен. Адриананың анасы мароккода өсті, көршілерінің көпшілігі испандық болғанықтан Мерседес деген есімге қатты қызығатын. Адриана жас кезінен автокөлікке емес ән айту мен әуенге қызығатын.
Эмиль Еллинек қызы Адриана-Мерседеспен бірге
Адриананың әкесі Эмиль Венадағы белгілі кәсіпкер дипломат еді. 1890 жылы инжинер-конструктор Готлиб Даймлермен және авто-конструктор кәсіпкер Вильгельм Майбахпен танысты. Эмиль Даймлер мен Майбах құрастырған өздігінен жүретін дөңгелектерден жақсы табыс табу мүмкіндігін көрді. Ол Ниццада осы көліктердің сатылуын тез жолға қойды.
Готлиб Даймлер...