Сасық емес,ашық әңгіме
Білім беру жүйесі
Сасық емес, ашық әңгіме!
Мектептегі білім жүйесіне көп өзгеріс керек. Оқулықтан бастап оқытушыға дейін. Өйткені, әр адам үшін ғылым-білімнің алғашқы баспалдағы, адам және маман боп қалыптасудағы фундамент - мектеп. Балықтың басынан шіритіні де осы жер. Демек, бастапқы бағыт түзу болуы қажет. Иә, бұл, әркімнің ауызында әбден тозығы жетіп, жыртығына жамау таппай жүрген мәселе. Десе де, айтылмаса сөздің атасы өледі деген де бар.
Мынадан бастайық. “Құқық, дінтану, алғашқы әскери дайындық, өзін-өзі тану, сауат ашу, бизнес негіздері, Абайтану”, т.с.с. пәндер. Әр жерден әртүрлі адамнан сұрадым. Жауап ұқсас болды: құқық пен дінтанудан - тарих мұғалімі, өзін-өзі танудан - музыка мұғалімі, алғашқы әскери дайындықтан...