Ділмар аңдар (авторсыз) ертегі-қойылым
Мектеп сахнасына арналған ертегі-қойылым. Бастауыш сынып "Сахна тілі" үйірме сабағына арналған.
Ділмар аңдар
(Ертегі-қойылым)
(Сахнаға түрлі аңның костюмдерін киген оқушылар шығады.)
Жапалақ:
Арыстан мырза! Бұйрығыңыз бойынша барлық аңдар құзырыңызға жиналды... Жиналысты бастай берсеңіз болады.
Арыстан:
— Уа, аңдар! Қош келдіңіздер сөз жарысына! «Жақсылық та, жамандық та көршіден жұғатынын» барлығымыз білеміз. Біз қазақ даласында тұрып жатқандықтан, сөзге — ұста, тілге — шешенбіз! Бұрын қазақтың қай тауына шықсақ та, айтысқан қойшы, жыр айтқан жырау,...