«Үздік» оқушы болу үшін не істеу керек?
Әр оқушы мектепте үздік баға алып, өзін ата-анасын қуантқысы келеді. «Үздік» деген атаққа ие алғысы келетіндерде бар. Мектепте білімді болу үшін не істеуге болады? Бүгін сол жайлы айтамыз.
Ең бірінші, жалқаулықты жойыңыз. Жалқау болсаңыз жақсы оқу қолыңыздан келмейді. Себебі енді жақсы оқып, тұрақты түрде үй жұмыстарын тыңғылықты орындап жүрген уақытта осы жалқаулық қасиетіңіз оянса еңбегіңіз еш кетеді. Іштей «жата берейінші, ертең орындаймын, маған бұл тақырып қызықсыз» деген сылтаулар сыртқа шығып шындыққа айналғаны дұрыс емес.
Әрдайым үй тапсырмасын орындауға тырысыңыз. Тақырыпты түсінбесеңіз әлеуметтік-желілерден ізденіп жасауға әрекет етіңіз. Себебі мектептегі көп баға осы үй жұмысына негізделгенін ұытпауыңыз керек. Бағаларыңыз түзеліп жатса, мектепте «үздік» болуға бір қадам жақындадым дей беріңіз.
Тақырыптарды міндетті түрде қайталап отырыңыз. Әсіресе тез ұмытып қалатын оқушыларға күнделікті тақырыптарды қайталап отыруға кеңес...