Ұрысқақ сауысқан
Орманда «Ұрысқақ» атты сауысқан болды. Ата-анасы оның қыңыр мінезін еркелікке санапты. «Өскенде түзеледі» деп ойлапты. Бірақ, ол түзелмеген. Көзіне кім көрінсе, сонымен ұрса беріпті. Өзімен ойнағысы келген Қарға балапанына: «Сен неге қарқылдайсың?» деп, Бүркіт балапанына: «Сен неге саңқылдайсың?» деп, Қырғи балапанына: «Сен неге қабағыңды ашпайсың?» деп, Тоқылдақ балапанына: «Сен неге үнемі ағаш тесіп, мазамды аласың?» деп шүйлігіпті. Сөйтіп жүріп ақыры «Ұрысқақ» атаныпты. Ұрысқақ сауысқан туралы ертегі, Серік Жетпісқалиев, құстар туралы ертегі, орман туралы ертегі
Орманда «Ұрысқақ» атты сауысқан болды. Ата-анасы оның қыңыр мінезін еркелікке санапты. «Өскенде түзеледі» деп ойлапты. Бірақ, ол түзелмеген. Көзіне кім көрінсе, сонымен ұрса беріпті. Өзімен ойнағысы келген Қарға балапанына: «Сен неге қарқылдайсың?» деп, Бүркіт балапанына: «Сен неге саңқылдайсың?» деп, Қырғи балапанына: «Сен неге қабағыңды ашпайсың?» деп, Тоқылдақ балапанына: «Сен неге үнемі ағаш тесіп, мазамды аласың?» деп шүйлігіпті. Сөйтіп жүріп ақыры «Ұрысқақ» атаныпты.
Ормандағы құс біткен бір күні Үкіге барып:
— «Ұрысқақты» қалай түзейміз? — деп ақыл сұрапты.
— Не істейсіңдер? Туабітті мінез, — дейді Үкі.
— Сонда ол бүкіл орманды шулатып жүре бере ме? — дейді тұрғындар.
— Біреуді жазықсыз...